АҚШ барлауы: "Вагнер" жендеттері Иран мен "Хезболлаға" қару жеткізбек

Вагнерліктер Иранға немесе Ливандағы Иран қолдауымен әрекет ететін «Хезболлаға» әуе қорғаныс жүйелерін жеткізу туралы нұсқаулық алды дейді Ақ үйдің арнайы өкілі.  


ЧВК «Вагнер» привлекут к обучению Вооруженных сил Белоруссии — РБК

 

АҚШ-тың барлау қызметі Ресей үкіметінің «Вагнер» жеке әскери компаниясына Иранға немесе Хезболлаға әуе қорғаныс жүйелерін жеткізуге тапсырма бергенін анықтаған. «Біздің қолымыздағы ақпараттарға сай, вагнерліктер жақын аралықта Иран немесе Хезболлаға әуе қорғаныс жүйелерін жеткізу мүмкіндігін айтып отырмыз», - дейді АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің координаторы Джон Кирби.  

 

АҚШ соңғы жылы Иран мен Ресей арасындағы әріптестік бұрынсоңды болмаған деңгейге жеткен. «Бұл екі ел ресми әскери одақтас болмаса да, бейресми солай деуге болады» дейді Кирби. Ресей мен Иранның әрекетіне байланысты АҚШ жаңа санкциялық қысымдарды іске асырып, жеке тұлғалардан бастап мемлекеттік құрылымдарға дейін санкция салуды күшейту керектігін меңзеді.

 

АҚШ барлау қызметі вагнерліктер Иранға әуе қорғаныс жүйесін жеткізсе, қарымтасына Иран Ресейге орташа қашықтықтағы нысанды жоюға қабілетті зымырандарды беруі ықимал екенін айтты.

 

Қарашаның басында The Wall Street Journal АҚШ барлауына сүйене отырып, вагнерліктердің Хезболлаға «Панцирь С-1» қорғаныс жүйесін жеткізетіні жайлы жазған болатын. Бұл ақпаратты Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков жоққа шығарып, де-факто  «Вагнер» жеке әскери компаниясы жоқ деп пікір білдірді.  

 

АҚШ қорғаныс министрлігінің Таяу Шығыс бойынша бөлім басшысының орынбасары Дана Струль ресейлік тараптың Хезболлаға түрлі қару беріп, Таяу Шығыстағы жағдайды ушықтыру әрекеттері барын айтқан-ды. Струль Ресей Таяу Шығыстағы қақтығысты ушықтыра отырып, әлемнің назарын Украина соғысынан басқа аймаққа аударуды көздейді деп санайды.  


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар