Лукашенко Рахмонға: Екеуміз саясаттың көнекөзіміз! Тағы кімдер ұзақ жыл ел басқарып отыр?

Бүгін, яғни қарашаның 23-і күні Минскте Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше елдердің басшыларының кезекті сессиясы өтеді. Осыған орай, Президенттер кешелі бері Минскке барып жатыр. Оларды Белоруссия Президенті Александр Лукашенко арнайы қарсы алып, кездесіп жатыр.

1700737303216883.jpg

Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмон ақорыстардың астанасына алғашқылардың бірі болып барды.

Лукашенко әріптесін қарсы алып, сөзін: «Сіз екеуміз үлкен саясаттағы ұзақ жасап келе жатқан адамдармыз. Сізді досым ретінде қарсы алып отырмын», – деп бастады.

1700736369969715.jpg

Белбасының көнекөз достары кім, жалпы ҰҚШҰ-ға және ТМД-ға мүше елдердің басшылары қай жылдан бастап осы қызметті атқарып келеді – шағын шолу жасап көрелік.

Аталған екі елдің президенттері де осы лауазымды 1994 жылы алған. Лукашенко қызметке тәжікстандық әріптесіне қарағанда сәл ертерек, шілде айынан бастап кіріссе, Рахмон қараша айында жайғасқан. Содан бері екеуі де лауазым ауыстырған емес.  Халықаралық қауымдастық Белоруссиядағы 2020 жылғы сайлаудың нәтижелерін мойындаған жоқ. Бірақ оған қыңған Лукашенка да жоқ.

1700737084994393.jpg

Ресей президенті Владимир Путин осы орын-таққа 2000 жылдың 7-мамырында отырып, 2008 жылдың 7-мамырында «қызметтен кетті». Сол уақыттан 2018 жылға дейін Ресейді Дмитрий Медведов «басқарды». 2018 жылдан бастап Путин тізгінді қайта қолына алды. Әлемдік сарапшылар Медведовті «Путиннің қол баласы» деп санайды.

Ильхам Әлиевтің Президент болғанына 20 жыл болды. Ол Әзірбайжандағы үлкен қызметке 2003 жылы келген.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев болса, қазіргі лауазымын 2016 жылдың 8-қыркүйегінде иеленген.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян осы қызметке 2018 жылдың 8 мамырында келді. Арасында отставкаға кетіп тұратын «әдеті бар» Пашинян содан бері жоғары қызметте отыр.

Украина президенті Владимир Зеленский президент болғалы 4 жыл болды. Ол бұл қызметке 2019 жылы кіріскен.

Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаев болса, 2019 жылдың 20-наурызынан бастап жоғары лауазымды қызметте отыр.

Қырғызстанның мемлекет басшысы Садыр Жапаров 2020 жылы бір айға жуық Президент болған. Араға екі ай салып, яғни 2021 жылдың 28 қаңтарынан бастап қазіргі лауазымын қайта алды.

Молдава президенті Майя Санду бұл лауазымды 2020 жылдың 24-желтоқсанда иеленді.

Ал бұрынғы кеңестік елдердің тағы бірі Түркіменстанның қазіргі президенті Сердар Бердімұхамедов тақты 2022 жылдың наурызында әкесінен мұраға алды. 

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар