Бітім уақыты бітті. ХАМАС тағы бітім сұрайды. Израиль не дейді?

Әлем назары екі айға жуық уақыт Құдысқа көз тігуде. 24 қарашада АҚШ «гуманитарлық келісім» деп атаған Израиль мен ХАМАС арасындағы атыс-шабыс 4 күнге тоқтатылды.

1701246065863793.jpg

Жұрттың кейбірі – «радикалды», енді бірі – «патриот» деп санайтын ХАМАС қозғалысы Газа секторындағы Израильмен арадағы уақытша бітімді соза түсуге құлықты екенін білдірді. Бұл турасында CNN телеарнасына берген сұхбатында ХАМАС саяси бюросының мүшесі Гази Хамад мәлімдеді. Оның айтуынша, қозғалыс келіссөздер барысында қолдан келген мүмкіндіктің бәрін сарқа жұмсайтындығын айтты.

«Біз агрессиясыны мүлдем һәм біржола тоқтату үшін бітімді соза түсуді алға қойып, қолдан келген мүмкіндіктердің бәрін пайдаланамыз», - деп нақтылады.

Бұл орайда «қолдан келген мүмкіндіктің бәрін сарқа жұмсаудың» ар жағында Катар мен Мысыр тұрғандығы жасырын емес. Хамад одан ары: «ХАМАС Катар мен Мысырға арқа сүйей отырып, толық немесе жартылай келісім жасауға өз тарапының әбден дайын», - дейді. Және «толық келісім» мен «жартылай келісімге» қатысы CNN телеарнасының тілішісіне былайша түсінік берді: «Толық келісім – Израиль түрмелеріндегі барша Құдыстықтарды босату болса, жартылай келісім – тек азаматтық тұлғалардың бас бостандығын алуы болып табылады».

Бұған дейін Ақ үйдегі Ұлттық қауіпсіздік Кеңесінің стратегиялық байланыстарының үйлестірушісі Джон Кирби: «Егер ХАМАС қозғалысы жөйіт тұтқындарын босататын болса, онда Америка гуманитарлық келісімді екі аптаға соза түсуге дайын», - деп мәлімдеген болатын.

Мұсылман елдеріндегі БАҚ АҚШ «гуманитарлық келісім» деп таныған уақытша бітімнің ар жағында Құдыстың мемлекеттігін танымау үшін соғысты бір бастап, бір тоқтаудың аяр пиғылы жатыр дегенді айтады.

ХАМАС пен Израиль арасындағы ең соңғы тұтқын алмасу кеше іске асты. Катар келісімді тағы екі күнге созу мүмкіндігі барын айтуда. Ол үшін ХАМАС тағы 20 тұтқынды (күніне 10 тұтқыннан) босатуы тиіс.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар