Зеленский сұхбат берді: Ресейді Украинаның қаруы ғана қорқытады!

Украина президенті Зеленский «Associated Press-ке» сұхбат беріп, майдан шебіндегі ахуал жайлыегжей-тегжейлі айтты. «Украинадағы соғыс жаңа кезеңге өтті. Бұл факт. Бұл соғыстың жаңа кезеңі. Біз шаршаған жоқпыз. Біз шегінбек емеспіз», - деді. Сонымен Зеленский не дейді?

1701426734420762.jpg

БІЗ ӘЛЕМНІҢ «ЕКІНШІ ӘСКЕРІНЕН» ШЕГІНІП ЖАТҚАН ЖОҚПЫЗ!

«Қыс – бұл соғыстың жаңа кезеңі. Мен Украинаның қазіргі қарсы шабуылына көңілім толады. Біз әлемнің екінші әскерімен соғысып жатырмыз. Қараңыз, біз шегініп жатқан жоқпыз. Мәселенің екінші жағы бар. Біз көп сарбазымыздан айырылып жатырмыз. Қаншама бейбіт тұрғынымыздан айырылдық. Бұған әрине, қапалымын. Біз қажетті деген қару-жарақтарды толық алған жоқпыз. Жауды ығыстырып шығаруға қажетті қару-жарақ әлі жеткіліксіз. Бұған көңілім толмайды. Бірақ, жер сабалап, жылағалы тұрған да жоқпын», - деді Зеленский Украинаның контр-шабуылы жайлы сұраққа.

1701426256564021.jpg

Зеленский Израиль мен ХАМАС соғысының Украина майданына да кері әсері тиюі мүмкін екенін, қосамжарласқан бұл соғыс Киевке керекті әскери көмекті шектеуі мүмкін екенін айтты. Келер жылғы АҚШ-тағы президент сайлауының нәтижесі де Украинаны алаңдататынын айтты.

2022 жылдың 24 ақпанында Ресей соғыс бастағаннан соң, Халықаралық қауымдастық АҚШ-тың ақылын тыңдап, Украинаға әскери көмек беруге топтасқан еді. Келер жылы АҚШ билігіне өзге саяси ұстанымдағы адамдар келсе, Украина майдан даласында тығырыққа тірелуі мүмкін екенін сөз етті.

РЕСЕЙ УКРАИНАНЫ ЖАППАЙ ӘУЕДЕН БОМБАЛАУҒА КӨШТІ

«Көп күттірген Украинаның қарсы шабуылына Батыс елдері ондаған миллиард доллардың әскери көмегін көрсетті. Соның ішінде ауыр әскери техникалар берілді. Алайда қарсы шабуыл айтарлықтай нәтиже көрсеткен жоқ. Осыдан соң сұрақ туындайды. Қарсы шабуылдың сәтсіздігі Батыстың көмегін азайтуы мүмкін. Ал қолда бар оқ-дәрі, қару-жарақ таусылуға таяу. Бұл жағдай Украинаның қарсы шабуылды аяқтауына себеп болмай ма?», - деп жазады «Associated Press».

1701426323483747.jpg

Әрі қарай: «Қыс келіп жетті. Украина екінші толық жылды соғыспен өткізуде. Әскери басшылар жаңа һәм ескі мәселеге қайта тап келді. Төменгі ауа температурасы, ығы жоқ майдан даласы сарбаздарды қорғансыз қалдыруда. Ал Ресей қайтадан әуеден бомбалау тактикасына жүгінеді. Қалаларды, энергетикалық инфрақұрылымдарды соққылайды», - дейді.

25 қарашада Мәскеу Украинаны, соның ішінде Украина астанасын жаппай дрондармен атқылауды бастап кеткен. Бір дегенде Ираннан алған 75 дронды (Шахед) ұшырған. Оның басым көбі Киевке қарай бағытталған. Бұл Ресейдің соғыс басталғалы-бергі ең ауқымды дрон шабуылы болған.

РЕСЕЙДІҢ ҚАРАТЕҢІЗ ФЛОТЫН ОЙСЫРАТТЫҚ. ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫН БҰЗДЫҚ...

Бұл туралы президент Зеленский: «Қысқы соғыс сол үшін де қиын деп дабыл қағып жатырмыз ғой. Украинаның қарсы шабуылына қатысты айтар болсам, біз бұдан да жақсы нәтижеге қол жеткізгіміз келді. Өкінішке қарай, біз жоспарымыздағы нәтижеге жете алмадық. Бұл да бұлтартпас факт. Себебі, одақтастарымыздан қажетті қару-жарақты толық алмадық. Шектеулі беріліп жатқан техникалар жылдам қарсы шабуылдауға мүмкіндік бермейді.

1701426437221066.jpeg

Адам күші де жеткіліксіз. Бірақ бұл бізге шегіну керек деген сөз емес. Біз өзгенің дүниесі үшін емес, өз жеріміз үшін күресудеміз.

Соңғы айларға қарасаңыз, біз әжептәуір алға жылжып келеміз. Сөзсіз, қарсыласымыздың бес қаруы сай. Десе де, біздің шабуылымыздан соң, Ресейдің Қара теңіз флотындағы күші азайды. Біз Ресейдің әуе қорғанысын бұзып өтіп, оккупацияланған Қырымдағы Қара теңіз флотының штабына соққы жасадық», - дейді.

РЕСЕЙДІ УКРИАНЫНЫҢ ҚАРУ ҒАНА ҚОРҚЫТАДЫ!

Зеленский сөз арасында Украинаның импортқа тәуелділіктен арылуы үшін, өзінің қару-жарақ өндірісін күшейтуге күш салып жатқанын да айтқан.

«Бұл үшін бюджеттен қомақты қаражат бөлінді. Бірақ, қазіргі өндірістің көлемі соғыс тағдырын өзгертуге жеткіліксіз. Біз қазір АҚШ бастаған одақтастарымыздың Украинаның әскери өндірісіне несие беруі мәселесін талқылап жатырмыз. Бұл қазіргі тығырықтан шығар бір жол. Себебі, Ресейді Украинаның өзінің бес қаруы сай болуы ғана қатты үрейлендіреді. Басқа ештеңе де емес!»

1701426494685114.jpg

Президент Зеленский АҚШ президенті Байденмен және Конгресспен кейінгі кездесуінде Украинаға әскер өндіріске арзан немесе жеңілдетілген несие беруін сұраған. Соның ішінде, Америкалық техникаларды құрастырып шығаруға лицензия беруін сұраған.

ИЗРАИЛЬ-ХАМАС СОҒЫСЫ УКРАИНА СОҒЫСЫНА КЕРІ ӘСКЕРІН ТИГІЗУДЕ

Зеленский Таяу Шығыстағы соғыс Украинадағы соғысқа да кесірін тигізетінін, әлем назарын Украина соғысынан бұрып әкетуі мүмкін екенін сөз еткен.

«Біз қазірдің өзінде ол соғыстың біздегі соғысқа тигізген кері әсерін көріп отырмыз. Қазір біз тек басқыншыларға ғана күрес жүргізіп жатқан жоқпыз. Біз әлем назарының ауып кетпеуі үшін де күресудеміз. Біз мұндағы қанқасап соғысты ұмыттырмауға барымызды саламыз», - дейді Украина президенті.

1701426564930800.jpg

ҚАЗІР БІЗДІҢ БАЛАЛАРЫМЫЗ СОҒЫСУДА. ЕРТЕҢ СІЗДІҢ БАЛАЛАРЫҢЫЗ СОҒЫСУЫ МҮМКІН!

«Америкалықтар Укарианға көмектің көп көрсетіліп жатқанына наразылық білдіре бастапты. Бұл әрине, америкалықтардың жеке таңдауы. Десе де, айтарым біреу ғана: Украинаға көмек азаятын немесе тоқтайтын болса, Украина жеңіледі. Ал Украина жеңілсе, Ресей сөзсіз НАТО елдеріне шабуыл ашады. Ондай жағдайда америкалық балалар, яғни, сіздердің балаларыңыз соғысатын болады», - дейді.

Зеленский Украинада өтуі тиіс болған президент саулауы туралы сұрақтарға да жауап беріпті. Бүйдейді: «Бұл соғыс біздегі президент сайлауын шегеруге мәжбүрлеп отыр. Мен басында сайлау өткізуге қарсы еместігімді айтқан едім. Бірақ дәл қазір бұл қауіпті. Елде толық масщтабты соғыс жүріп жатыр. Президенттік қызметті атқару оңайға соғып жатқан жоқ. Бірақ, дәл қазір сайлау өткізе алмаймыз. Бұл өте қауіпті», - дейді.

Зеленский сұхбатында Ресеймен келісімге келу туралы еш тараптан қысым жасалып жатпағынын нақтылап айтқан. «Десе де, бірлі-жарым әңгімелер айтылып жатыр», - деп түйіндейді.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар