Швециядағы Құран өртеу акциясы: Ресейдің қатысы қанша?

Ресейлік арнайы қызмет өкілдері Швеция мен Финляндияның НАТО-ға қосылуына кедергі жасау әрекеттерін іске асырған. Арнайы қызметтің негізгі әрекеттері Скандинав елдері мен Түркия арасындағы қарама-қайшылықты арттыру болған. Бұл туралы Финляндияның Yle телерадиокомпаниясы жүргізген зерттеу бағдарламасында айтылды.


В столице Швеции опять сожгли Коран - Газета.Ru | Новости

 

Зерттеу барысында арна қызметкерлері Скандинав елдерінің арнайы қызмет өкілдерінен бірнеше құжатты алып, сол бойынша зерттеу жүргізуге қол жеткізген. Онда ресейлік арнайы қызмет өкілдері Швеция мен Финляндияда бірнеше акция өткізу керектігі айтылған. Зерттеуде ресейлік арнайы қызметтің дәл осы мақсатта Парижде де бірнеше шу шығаратын акцияларды іске асырғаны анықталды. Ол туралы Yle бағдарламасына  зерттеуші  Илья Рождественский қажетті ақпараттарды берген.

 

Акцияның басты шарасы ретінде Швеция қалаларының орталығында қасиетті Құран кітабын өртеу әрекеттері іске асуы тиістігі жазылған. Арнайы қызмет өкілдері тек қана акцияны іске асырып қоймай, сонымен бірге әлеуметтік желіде антиисламдық және антитүркиялық бағыттағы роликтер, жазбалар қалдырып, Швеция қалаларында антиисламдық граффитилер салған. Әлеуметтік желіде Ердоғанды келеке ететін бағыттағы карикатуралар санын арттырған. Арнайы қызмет өкілдері бірнеше акцияны іске асырған соң, қалғанын әсіреұлтшылдар мен жергілікті радикалдар өздері жалғастырады деп сенген. 


Зерттеуде ресейлік арнайы қызметтің 2023 жылдың наурызында Париж орталығында антиисламдық бірнеше акция өткізгені айтылды. Yle зерттеуінде Финляндия арнайы қызметтері өз аумағында аталмыш сипаттағы акциялардың басым бөлігін алдын-ала анықтап, тоқтата білгені белгілі болды.

 

Сәуір айында Түркия Финляндияның НАТО-ға мүше болуына өз рұқсатын берді. Алайда Швеция әлі күнге дейін Анкараның ресми мақұлдауын күтуде. Сарапшылар ресейлік арнайы қызмет өкілдері екі елдің НАТО-ға жылдам мүше болуын тежеу әрекеттерін іске асырғанын, алайда Финляндия тарапынан сәтсіздікке ұшырағанын айтты. Ресей билігі бұл зерттеулерді «жалған ақпарат және қиялы шексіз азаматтардың ертегісі» деп атады.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар