Президент: «Көмекке зәрулерге қол ұшын созу - шынайы патриотизм»

5-желтоқсанда атап өтілетін Халықаралық волонтерлер күні дүние жүзіне кең тараған мерекелердің бірі екендігін жақсы білеміз.

1701772359214031.jpg

Осы айтулы мерекеге қатысты Мемлекет басшысы: «Бүгін, Халықаралық волонтерлер күні өзгелер үшін беріле қызмет ететіндерге басымызды иеміз. Біздің волонтерлер өз бойына жоғарғы мейірімділік идеалын, адамсүйгіштік қасиет пен азаматтық жауапкершілікті сыйдырған.

Қоғамдық маңызы бар іс-шарға қатысатындардың, қайырымдылық жобаларын жүзеге асыратындардың, көмекке зәрулерге қол ұшын беретіндердің арқасында біздің жасампаз іс-әрекеттеріміз шынайы патриотизммен арайланады. Мемлекет бұдан ары да еліміздегі волонтерлік қозғалысты қолдайтын болады», - деп қай салада болмасын өз еріктерімен көмек қолдау жасап жүрген еліміздегі волонтерлерге Қазақстан халқы атынан өзінің ыстық ықыласын білдірді.

Қазақ үшін ерікті болу қашанда игі істердің бірі саналады. Бұл қазақтың тәрбиесіне де, ұстанымына да, дәстүріне де сай келеді. Ауылдас ағайынға «асарлатып» қол ұшын созу соның айқын дәлелі. Еріктілікті қазақ қашанда жоғары қойған. Ал кей тарихшылар рулық қатынастың қалыптасуында да еріктілік принципі жатыр дегенді айтады.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар