Израиль: Тунельдерді суға толтырып, содырларды тұншықтырамыз!

Mezgil.kz порталы Газа секторындағы қанқасап шайқастарға қатысты соңғы ақпараттарға шолуын ұсынады.

1701777402436210.jpg

Израиль армиясы Жабалиядағы ХАМАС-тың орталық басқару пунткін басып алды. Осыған дейін Израиль армиясы Газаның солтүстігіндегі Жабалия босқындар лагерін толық қоршауға алғанын мәлімдеген.

ЦАХАЛ: «ХАМАС шабуылдарды ұйымдастырып, басқарып отырған пункттерді бақылауға алдық», - деп мәлімдеді. Ал әлеуметтік желіге таратқан видеоларды ХАМАС-тың әскери кешендері деп есептелетін ғимараттарға соққы жасалғаны бейнеленген.

Ал Газаның оңтүстігінде Израиль танктері мен бронды техникалары Хан-Юнис қаласына жақындап қалған.

Бүгін ЦАХАЛ «Рафах» өткізу бекетінде 90 минутқа тактикалық үзіліс жасағанын айтты. Оның мақсаты «гуманитарлық көмек жеткізу үшін» деп айтылған.

Осыған дейін «Рафах» өткізу бекеті маңайы Газадағы қауіпсіз аймақтардың бірі саналған. Бұл аймақта ұрыс қимылдары жүргізілмеген. Алайда, ЦАХАЛ мен ХАМАС-тың уақытшы бітімі аяқталғаннан кейін Израиль армиясы Газа секторының бұ аймағында да ұрыс қимылдарын белсенді жүргізе бастаған.

ИЗРАИЛЬ: ХАМАС-ТЫҢ ТУНЕЛДЕРІН СУҒА ТОЛТЫРЫП, СОДЫРЛАРДЫ СУҒА ТҰНШЫҚТЫРАМЫЗ!

Осыған дейін Израиль армиясы: «Газа секторындағы ХАМАС тунелдерін суға толтырып, содырларды суға тұншықтырамыз», - деп мәлімдеген.

«Wall Street Journal» мақаласында: «Израиль Жерорта теңізінің жағасына алып «насостар» орнатқан. Ол арқылы Газа секторындағы ХАМАС пен өзге террорлық ұйымдардың тунелдерін суға толтыруды көздеп отыр», - деп жазылған.

Бұндай тактиканы осыған дейін Газа секторына қарсы Мысыр қолданған. 2015 жылы Мысыр билігі Газа секторынан заңсыз контрабанданың көйбегені себепті, екіарадағы тунелдерді Жерорта теңізінен су жіберген еді.

Осыған дейін Mezgil.kz порталында Газа секторындағы ХАМАС тунелдерінің жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтайтынын, ал тунелдердің саны 300-700-дің арасында екенін жазған едік.

Сарапшылардың пікірінше, Газа секторына кірген Израиль армиясын тығырыққа тірейтін де осы ХАМАС тунельдері болып отыр.

«Wall Street Journal-дың» жазуынша, Израиль армиясы жоғарыда айтылған «насостардың» 5 данасын орнатып үлгерген. Алайда, жоспарды іске асыруға кедергі келтіретін бір факор – ХАМАС 7 қазанда қолға түсірген тұтқындардың едәуір бөлігін осы тунельдерде тұтқында ұстап отыр.

Тақырыпқа тұздық: Халықаралық ұйымдар Газа секторына тағы да гуманитарлық мақсаттағы үзіліс керектігі туралы дабыл қағуда.

ЮНИСЕФ өкілі Жеймс Элдер: «Газада бірде-бір қауіпсіз орын қалған жоқ. Онда су да, суықтан қорғанатын жер де қалған жоқ. Егер сіздер жүздеген мың адамды мәжбүрліеп эвакуациялайтын болсаңыздар, сіздер не суы, не әжетханасы жоқ орынға ешкімді де күштеп апара алмайсыздар. », - деді.

Газа секторына тағы бір жолы гуманитарлық үзіліс керектігін БҰҰ Бас хатшысы да айтқан еді.

Ал ЦАХАЛ ұшақтар арқылы аспанна үнпарақтар таратып, Газа секторындағы тұрғындарға «қауіпсіз аймақтарға қашуға» үндеген.

БҰҰ да, Халықаралық ұйымдар да: «Газада бейбіт тұрғындар қашып паналайтын жер қалған жоқ», - деп жатыр.

Газадағы биліктің мәліметінше, 7 қазаннан бері сектор аумағында қаза тапқандар саны 16 мыңға жуықтаған.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар