Дабыл қағарлық жағдай: Елімізде жер қойнауының иесі кім?

Журналист Нұргелді Әбдіғани мен Парламент Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса арасындағы «Сәрсенбідегі сауал» подкасы де-факто елдегі жер қойнауының иесі кім екендігін анықтаудан басталды.

1701853253465129.png

ҚР Конституциясының 6-бабы бұл сұрақты анық айқындайды: «Жер жəне оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі.

Дегенмен шетелдіктермен кен орындары жайлы жасасқан Өнімді бөлу Келісімдері – әлі күнге дейін құпия ақпарат.

Өнімді бөлу туралы келісім деген не? Ол – қашанда елдің емес, тек инвестордың мүддесі мен пайдасын ғана қорғайды. Біздің шекесі тар шенеуніктер шешіміне сай, жер қойнауының иесі - Қазақстан халқы шетелдіктердің өз меншіктерін қалай пайдаланып жатқанын білмеуі керек?! Яғни, бар байлығыңды тонап жатқандардан «не істеп жатсыңдар?» деп сұрауға болмайды екен… Қара алтынымыз, мұнайымыз – экономикалық қан тамырымыз. Қанымызды кімдер қалай сорып жатқанын білуге қақымыз бар ма, жоқ па?» – деп ашынды халық қалаулысы.

https://www.youtube.com/watch?v=zhWS0YYliKk

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар