«Украинаны тізесінен атпайық»: АҚШ түбегейлі шешуге тиіс екі проблема

Украина мен Құдыстағы қанды қырғынның ар жағында ірі де, алпауыт империялардың өз қаруын жаңа жағдайда сынақтан өткізіп, әскери жаңа технологиялық ізденістер жасау жатқандығын көзі ашық жұрт жақсы біледі.

1701947272499062.jpg

Әйтпесе, ешбір жаңа әскери технологиялары жоқ Құдыс пен Украина біршама заманауи қару-жараққа иелік ететін Ресей мен Израильге қалай қарсы тұра алды? Қазір Ресей де, АҚШ та екі майданда соғысып жатыр.

Ресей Украина батпағынан шығу үшін ХАМАС-ты Иранның көмегімен соғысқа тартып, АҚШ-тың Киевке берген әскери көмегін біршама тежегендей болды. Тежегендей болды дегенімізді тартқата айтсақ, Байден Конгресске: «Украинаны тізесінен атпайық», - деп үндеу жасады. НАТО-ны алға тарта отырып, Жаңа жылға дейін Киевке берліетін көмекті толық көлемде беруді талап етті. «Егер Украина жеңілсе, НАТО Ресеймен бетпе-бет келеді», - деген көзірін бірден саясат үстеліне жайып салды.

ЕО елдері Киевке қолдан келген көмектің бәрін беріп жатқанымен, АҚШ ақшасынсыз оның бәрі құмға сіңген судай болады. «Reuters» агенттігі ЕО Украинаға 1 млн снаряд беруге уәде еткенімен, биылғы 2023 жылы Украинаға сол уәде етілгеннен болғаны 480 мың снаряд қана жеткізілгенін мәлімдеді.

Байден: «Украинаға көмекке қосымша 60 млрд доллар бөлу қажет, өйтпесек «тарихтың кәріне ілінеміз», - деп түйіндейді.

Бүгін АҚШ Украинаға көмекке деп 175 млн доллар бөлгенін Блинкен мәлім етті. Бұл арада АҚШ түбегейлі шешуге тиіс екі проблема туындап отыр. Біріншісі – өз саяси ортасындағы және Украинадағы орысшыл күштерді ауыздықтау, екіншісі – Украинаның саяси басшылығы мен әскери басшылығының арасындағы бәсекелестікті болғызбай, екі талапты мәмілеге келтіру. 

Соғыстың созылуы Украинада мұздай қаруланған әскери элитаның билікке таласушылығын туғызып, оның азаматтық билікті алмастыруын бірде ашық, енді бірде жасырын қолдаған Ресей көмегімен осы елде Батыс пен АҚШ арқа сүйейтін әскери диктатураның орнауы да ықтимал.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар