Ресей шенеуніктері: Сөз жүзінде Lada мініп, іс жүзінде Rolls-Royceпен жүреміз

Ресей билігі санкция салынған соң, еуропалық және АҚШ көліктерінен бас тарта бастады. Батыстық көлік компаниялары да Ресей нарығынан кетуде. Алайда сөз жүзінде батыстық көліктен бас тартқан Ресей басшылары мен кәсіпкерлері, іс жүзінде көлікті заңсыз кіргізуді іске асыруда. Негізінен Беларусь арқылы кіргізіп, сатып алуда. Бұл туралы ресейлік «Верстка» және беларусьтың «Бюро» мен «КиберПартизан» жүйелері бірлескен зерттеу жүргізді.


Rolls-Royce установил рекорд по продажам в России — Motor

 

«Верстка» өз зерттеуінде Ресей шекарасынан өткен көліктерге қатысты құжатты қолданған. Негізінен ресейлік элита мен кәсіпкерлерге Германия, АҚШ, Ұлыбритания, Италия, Швеция, Аустрия мен Ирландия, Бельгияда шығарылатын, құрастырылатын көліктер жеткізілген. Олардың арасында Mercedes-Benz, BMW, Audi, Lamborghini, Jaguar Land Rover, Volvo зауыттарының өнімдері басымдыққа ие. Беларусь жері арқылы Ресейге кіргізілген ең қымбат көлік Rolls-Royce Cullinan Black Badge, оның құны 633 мың долларды құраған. Артынша құны 538 мың долларды құраған Ferrari SF90 Stradale көлігі мен құны 434 мың долларды құраған Lamborghini Urus тұр.

 

Ресейге элиталық көліктерді жеткізумен 30-ға жуық Беларусьтың жеткізу компаниялары айналысуда. «Верстка» соның ішіндегі ең көп көлік тасығандарын зерттеп, олардың бірқатырының Лукашенкомен байланысы барын анықтаған.

 

«Зип-Лайн» компаниясы Ресейге 4,8 млн долларға көлік тасыған. Аталмыш компанияның басшысы Андрей Пискарев. Пискарев Лукашенконың баспасөз хатшысының досы саналады. «Атлант‑М Британия» компаниясы Ресейге 2023 жылы 5 млн доллардың көлігін тасымалдаған. Барлығы дерлік люкстік көліктер саналады.

 

«Кастом-Сервис» компаниясы Ресейге люкстік көліктер тасымалдап, 8,5 млн доллар пайда тапқан. Ал «Техно-Джэт Групп» компаниясы 15 млн долларға Ресейге көлік жеткізген. «Премиальная транспортная компания» болса Ресейге Беларусь арқылы 15,6 млн доллардың көлігін жеткізгені белгілі болды.

 

Ресей билігі әлі де Батыстық көліктен бас тартпауда. Қытай көліктері мен Ресей көліктерін аудиторияға жарнамаласа да, билік өкілдері мен бизнес өкілдері Батыстық көлікпен жүргенді құп көреді.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар