Зеленский АҚШ-та жүр. Киев керек болса өлер, бірақ, ешқашан Ресейдікі болмайды!

АҚШ-та екі күндік сапармен жүрген Украина президенті Владимир Зеленский дүйсенбі күні АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин және Штаб басшыларының біріккен комитетінің төрағасы ӘӘК генералф Чарлз Браунмен Вашингтонда кездесті.

1702380536478275.jpg

Америка әскери элитасының алдында сөз сөйледі. АҚШ Қорғаныс министрі өзіне сөз кезегі тиген шақта: «АҚШ Украинаға Ресей агрессиясын еңсеру үшін көмек беріп жатқанын мақтан тұтады. Біздің демеуіміз түгесілмейді...

Ресей агрессиясының тегеуірінін тежеу – үлкен қантөгістер мен әлемдік бейберекеттік алдын алады. Қай ел тірі қалады, қай ел мүлдем жоқ болады деп, өрекпіген агрессорларды сабасына түсірмесек. Әлемнің басына қара бұлт орнайды...

Өзінің қанды қолдығына және әлемнің өзінен теріс айналғандығына қарамай, Путин әлі Украина мен АҚШ-ты тізе бүктіретіне нық сенімді. Бірақ қатты қателеседі», - деді өз сөзінде.

Қазірге дейін АҚШ Украинаға 44 миллиард доллар, ал оның 50 одақтасы 37 миллиард доллардан астам көмек беріп үлгерген. Соның арқасында Украина Ресей жаулап алған жерінің 50%-ын қайтара алды.

Владимир Зеленский: «Украина берілген жоқ, берілмейді де. Біз не істеу керек екенін білеміз. Путин жеңіліс табуға тиіс. Қазіргі оның бізге жұмсап отырған қаруы насихат пен жалған ақпарлар ғана. Бірақ оның қолына мүмкіндік тиер болса, ол алған бетінен қайтпайды», - деді.

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей басқыншыларына қарсы соғыстағы жетістіктерін айта келе, жанашырлықпен көмек қолын созған АҚШ-қа өз халқы атынан алғыс білдірді.

«Америка мен азаттық сүйгіш елдер диктатуралардың тағын қалтырату үшін өздеріне сенімді болып, өздерінің мықты жақтарына және көшбасшылық сипаттарына бек сенбесе, онда еркін дүниені шаң басып, диктатуралар гүл-гүл жайнайды. Сіздердің әрқайсыларыңыз білуге тиісті жайт: Соғыстағы солдаттар сіздерден келер көмекті апталап күтеді, ал бұл кезде біздің жауымыз қарсы шабуылға шығып масайрайды», - деп сөзін аяқтады.

Бүгін Зеленский Ақ Үйде президент Байденмен кездеседі. Осы сапармен қатар, Украинаның бірқатар лауазымды тұлғалары шетелдік БАҚ-қа сұхбат беріп, геосаяси ахуалдың аужайын аңдатты.

Украина президенті Зеленский: «Путин ешқандай диалогты қаламайды. Ол соғыстың жалғасқанын қалайды. Ол телефон шалып: «Әскері кері қайтарыңдар»,- деген екі ауыз сөзді айтса, соғысты тоқтатуға сол жетіп жатыр. Ары қарайғысы дипломатия. Ары қарай қарусыз әңгіме. Бірақ, Путинге соғыс керек. Ол Украинаны Ресейдің федерациясы ретінде көргісі келеді. Ал мен оған көнбеймін! Мен өз халқымды саудалай алмаймын! Киев Ресеймен компромисске келмейді! Путиннің мәймүңкелеуі қызыл өтірік!», - деді Аргентинаға барған сапарында.

Украина СІМ-і Дмитрий Кулеба Еуроодақ елдері СІМ кеңесінің отырысында: «Венеция комиссиясының барша басты ұсыныстары Украина заңнамасына енгізілді. Егер қосымша секір десе, секіреміз, биле десе, билейміз. Бірақ, бәрі де адал болуы керек! Егер ананы істе, мынаны істе десе біз оны жасаймыз, бірақ бұның бәрі нәтиже деп саналуға тиіс!», - деді Украинаның ЕО-ға қосылуы туралы әңгімелер жайында.  

Украина ПА кеңесшісі Михаил Подоляк «Америка даусына» берген сұхбатында: «Киев өлу керек болса өлер, бірақ, ешқашан Ресейдің қаласы болмайды! АҚШ-тың көмегінсіз Украинаға қиын болады. Бірақ, Украина әскері ең ақырына дейін күреседі. Күмәнсіз, Ресейдің алдында тізерлемейміз! Киев өлер, бірақ ешқашан Ресейдің қаласы болмайды! Сұрақты былай қойған дұрыс: АҚШ һәм демократиялық лагер Ресейден жеңілуге дайын ба? Жеңілсек, біз ғана жеңілмейміз, біз барлығымыз бірге жеңілеміз. Оған АҚШ пен Еуропа дайын ба?», - деді.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар