Соғыста жеңген Әлиев сайлауда жеңе ме?

Украинада президент сайлауы 2024 жылы өтуі керек еді. Украина президенті Владимир Зеленский: «Соғыс болап жатыр. Украинада президент сайлауын өткізетін уақыт әлі келген жоқ», - деп мәлімдесе, Ресей мен Әзербайжан келер жылы жарыса сайлау өткізгелі жатыр.

1702461984990023.jpg

Путин тағы бір мәрте сайлауға түсемін деп жінігіп жатқанда, Әзербайжан президенті Илхам Әлиев те кезектен тыс сайлау өткізуге бел байлады.

Ресейде президент сайлауы 2024 жылғы 17 наурызда, ал Әзербайжанда 2024 жылдың 7 ақпанында өтеді.

Сайлау өтетіні белгілі болғаннан кейін Әзербайжанның биліктегі «Yeni Azərbaycan» («Жаңа Әзербайжан») партиясы кезектен тыс президент сайлауына қазіргі президент Илхам Әлиевтің кандидатурасын ұсынды.

«Yeni Azərbaycan» партиясы төрағасының орынбасары Тайыр Будагов: «Қарабақты кім азат етсе, сол мәңгілік президент болады деп көптен бері айтып жүрдік. Менің ойымша, Илхам Әлиев 20 жылдық саясатында Әзербайжан халқына қызмет көрсетті, жерімізді азат етіп, бұл орынға лайық екенін танытты. Әзербайжаннның әрбір патриоты бұған келіседі», - деп мәлімдеді.

Негізі Әзербайжанда президент сайлауы 2025 жылы өтуі керек еді. Алайда ел президенті жарлыққа қол қойып, оған сәйкес, кезектен тыс президенттік сайлау 2024 жылдың 7 ақпанына белгіленіп отыр. Илхам Әлиев қол қойған құжат екі тармақтан тұрады: Біріншісінде мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы хабарланған. Ал екіншісінде сайлау өтетін күн белгіленген.

20 жылдай билік тізгінін ұстаған әкесі Гейдар Әлиевтен кейін оның ізін жалғастырған мұрагері мұнайға бай елді 2003 жылдан бері басқарған басқарып келеді.

Президент сайлауы Әзербайжанда соңғы рет 2018 жылы 11 сәуірде өткен. Әзербайжан Конституциясына енгізілген өзгерістерге сәйкес, президенттік мерзім 5 жылдан 7 жылға ұзартылды.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар