Мафиямен күрес: Қырғызстан Қамшыны атты, Өзбекстан Сәлімді ұстады

Орталық Азия елдерінде ұйымдасқан қылмыстық топтармен күрес ерекше деңгейде өтуде. Қырғызстан билігі қылмыс әлемінің серкелерін тұтқындап, арнайы операция барысында жойса, Өзбекстанда да ұқсас процестер басталды.


В Узбекистане продолжается борьба с ОПГ: задержаны более 100 человек.  Новости Узбекистана. Новости. Новости сегодня — EADaily

 

Өзбекстанға танымал Сәлім Абдувалиев жақында тұтқындалды. Ол 2017 жылдан бүгінге дейін Өзбекстанның Ұлттық олимпиада комитетінің вице-президенті қызметін атқарды. Оны ел арасында «Өзбек мафиясының атасы» деп атайды. Сарапшылар Кәрімов дәуірінен аман өткен Абдувалиевті Мирзиеевпен тіл табыса білді деп жазған болатын. Алайда соңғы оқиғалар бұл бағалаудың жаңсақ екенін көрсеткендей.

 

5-желтоқсан күні Өзбекстан құқық қорғау органдары Абдувалиевті заңсыз қару сақтағаны үшін тұтқынға алғанын айтқан сәтте Өзбекстан қоғамы дүр сілкінді. Желіде ызу-қызу талқы болды. Артынша Өзбекстан қалаларында қылмыстық топпен күрес мақсатында рейдтер өтті. Ташкент және басқа қалаларда қылмыс әлемінің ірілі-ұсақты серкелері саналатын 200-ге жуық азамат ұсталды. Олардың ішінде Сайдәзіз Сайдалиев пен Бахтиёр Кудратуллаев те бар.

 

Өзбекстан құқық қорғау органдарының арнайы операциясынан ТМД-дағы есірткі тасымалымен аты шыққан қылмыс әлемінің серкесі Ғафур Рахимов сытылып кеткен. Оны арнайы жасақ не үйінен, не офисінен, не саяжайынан таппаған. Оны ел ішінен іздестіру жалғасуда. Бірі оны Өзбекстаннан шығып үлгерді десе, енді бірі ел ішінде тығылып жүр деген болжам айтуда.

 

2002 жылы ФҚҚ (ФСБ) полковнигі Александр Литвиненко «Лубянская преступная группировка» атты кітап жазып, онда Орталық Азия мен Ресейдің қылмыс әлемінің серкелері жайлы мәлімет келтірген. Мәліметтер арасында Ғафурдың да есімі кездеседі. Оны Орталық Азия мен Ресей арасындағы есірткі тасымалдаушы деп суреттеп, арнайы қызметтермен байланысы болуы мүмкін дейді.

 

Сарапшылар Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстандағы қылмыс әлемімен күрес қалыптасып жатқан саяси элита үшін қауіпті болғанын және олардың заң аясында жою шешімі қабылданғанын айтуда.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар