Израиль-ХАМАС соғысы: Тағы да бір апталық үзіліс бола ма?

«Axios» порталының: «Израиль кешелі бері жаңа келісімшарт аясында 1 апталық үзіліс жасап, ХАМАС қозғалысына тұтқын алмасуды ұсынып жатыр», - деген жаңалығы желдей есіп, әлемге тарады.

1703062797127269.jpeg

«Моссад» басшысы Давид Барне 40 тұтқынды босатып алу үшін келіссөздерді одан ары жалғастыруды ұсынды», - деп жазады БАҚ. Бостылатын тұтқындар санатына әйелдер, жасы 60 асқандар мен медициналық ем-домды қажет ететін науқастар жататындығы айтылды.

Сонымен тағы да бір апталық ұрыс қимылдарын тоқтату әрекетіне мұсылман елдері емес, Израиль жағы түрткі болды. Бұның астарында не жатқанын саясаткерлер сан-саққа жүрігтіп, өз пікірлерін білдіріп жатыр.

Өткен қарашада Израиль мен ХАМАС келісімге келіп, әскери қимылдарды төрт күнге тоқтатуды қарастырған болатын. Осы келісім аясында Хамас кепілге алынған 50 әйел мен баланы, ал Израиль 150 палестиналық тұтқынды (негізінен әйелдер мен балалар) босататын боп шешкен-тін.

Сонымен қатар, Израиль күніне 300 гуманитарлық жүк көлігіне Египетпен шекарадағы «Рафах» өткелі арқылы Газаға кіруге рұқсат берген болатын.

Израиль авиациясының елдің оңтүстік бөлігінде төрт күнге, ал солтүстік бөлігінде сағат 10:00-ден 16.00-ге дейін алты сағатқа ұшуды толық тоқтату туралы келісімін беріп, соғыстан қажыған екі жақтың арқасы бір босаған еді.

Енді сол арқаның босуы тағы да бір қолға алынатын болды. Әрине, бұған ХАМАС келісетін болса...

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар