Мегажоба жалғасады: Сауд Арабиясының қарызы артуда

Сауд Арабиясының қарызды басқары ұлттық орталығы (National Debt Management Center, NDMC) елдің мемлекеттік қаразы артып келе жатқанын, алайда ішкі және сыртқы қарызды ірі жобаларға салынған инвестициялар толық жауып, ақтайтынын мәлімдеді.


Саудовская Аравия: план развития страны Vision 2030

 

Сауд Арабиясы «Келешекке көзқарас-2030» жобасын қаржыландыру үшін мемлекеттік қарызды арттыру туралы шешім қабылдады. 2023 жылы елдің қарызы 7,7%-ға артып, 272 млрд долларды құраған. Бұл ЖІӨ-ның 24,8% деген сөз.

 

«Келешекке көзқарас – 2030» жобасын іске асыруды жалғастыру үшін Сауд Арабиясы желтоқсан айында әлем елдерінде орналасқан 14 қаржылық институттан 11 млрд доллар несие алу шешімін қабылдады. Несие жоба аясындағы «Қызыл теңіз», «Киддия», «Эд-Дирия» жобаларын қаржыландыруға бағытталады.

 

Қарызды арттыру арқылы мегажобаны аяқтау үшін осындай шешім қабылданған. Ал 2024 жылы жобаға қаржы құюды тоқтатпау үшін тағы бірнеше несие алу жоспарланған.

 

«Келешекке көзқарас-2030» жобасы Сауд Арабиясының мұнайға бағытталған экономикасын басқа салаға әртараптандыру міндеттерін шешуге арналған. Жоба аясында туристік орталықтар салынып, елдің білім мен ғылым саласын дамыту және қажылыққа келетін азаматтар санын еселеп арттыру жолдарын іздестіру әрекеттері іске аспақ. Сонымен қатар елдегі су тапшылығын шешуге бағытталған жобалар жасалып, күн энергиясын пайдалану станциялары салынады. 2030 жылы «Келешекке көзқарас-2030» жобасының аясында ел экономикасына түсетін табыстың 50 пайыздан астамы мұнайға қатысы жоқ саладан болады деп болжануда.  


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар