Өзбек депутаты: Өзбекстан ешқашан ешкімнің боданы болмайды!

Ресейдің «Z пропагандасы» аузын айға білей бастады. ОА елдерін әлі күнге дейін өз отары санайтындарын жасырмайды да.

1703583326317832.jpg

Олар үшін ОА мемлекет болып қалыптаспаған, жабайы аймақ. Ресей тырнағын ала тақияларыға да батыра бастады. Қалай батырғанын сайтымызда кеңінен жазған болатынбыз. Қазаққа «орыс болам десең – қазақ бол» деп, мысқылдайтын өзағаңдар орыстың алыс-жақынға қарамайтын ызбынын көрген шақта.  «Аюдан қорғап отырған қазағым-ай» деп, бізге тәу еткені дертке жұбаныш.

Олий мәжілісінің төрағасы Танзила Нарбаева 25 желтоқсанда жастармен кездесу кезінде:

«Интернеттен «Өзбекстанмен олай істейік, бұлай істейік» деген түрлі сөздерді естіп, көріп жатсыңдар. Өзбекстан ешқашан ешкімнің боданы болмайды. Сіздер мұны білесіздер, түсіндірудің қажеті жоқ», - деді.

Шынында да Олий мәжілісінің төрағасы Танзила Нарбаева бұлай дейтін жөні бар. Тап осы өткен аптада Ресейдің «Әділетті Ресей» партиясының тең төрағасы Захар Прилепин Өзбекстанды және бұрынғы КСРО-ның басқа аймақтарын Ресейге «қосуды» ұсынған мәлімдемесі тарап, аталған пікір Өзбекстан қоғамының ашу ызасын туғызды. Бұрын қазаққа қатысты пікірлерге көзі үйренген өзбектер осы кептің өз бастарына түскенін бірінші рет көрді.

Артынша Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігі (СІМ) Захар Прилепиннің мәлімдемесіне байланысты Ташкенттегі орыс елшісі Олег Мальгиновті өздеріне шақырып, өкпесін білдірген шақта, елші жаттанды жауаппен сырғақтап жауап беріп құтылғанын жақсы білеміз.

Бәрін тасадан жасайтын империяшыл Ресей сырғақтап жауап беруге кәнігіленіп алғандығын мынадан көруге болады: Ресей СІМ-і: «Прилепин сөздері ел басшылығының ресми ұстанымына ешқандай қатысы жоқ екенін», - деп жауап берді.

Сонымен Өзбекстан өзінің ХХІ ғасырдағы тарихында «КСРО 2» не екенімен бірінші рет бетпе-бет келді.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар