Залужныйдың есебі һәм Шойгудың өтірігі: Майдандағы ахуал қандай?

Украинаның бас сарбазы, Қарулы Күштердің Бас қолбасшысы Валерий Залужный баспасөз конференциясын өткізді. Қысқа-нұсқа былай болды:

1703670858647890.jpg

«Валерий Залужный Ресейлік басқыншылық басталғаннан кейінгі алғашқы баспасөз конференциясын өткізіп, оның барысында бір жылғы соғыс қимылдарының қорытындысын шығарып, болашаққа болжам жасап, мобилизацияның жаңа ережелері туралы заң жобасы туралы өз пікірін жұрт талқсына салды»,- деп хабарлайды BBC.

1703670875456596.jpg

Енді Валерий Залужныйдың не айтқанын қысқаша тізбектеп кетейік:

1703670429504391.jpg

УКРАИНА ҚАНША АДАМДЫ МОБИЛИЗАЦИЯЛАЙДЫ?

БАҚ-қа сирек түсініктеме беретін Залужный Украина президенті Владимир Зеленскийдің әскери қолбасшылық келесі жылы 450-500 мың адамды жұмылдыруды ұсынды»» деген мәлімдемесіне өз түсініктемесін берді.

Залужный Бас штаб «қандай да бір сандарға ешқандай сұраныс жасамағанын», ал армияның биылғы жылғы жасақталуын, жаңа әскери бөлімдердің құрылуын және келесі жылы болуы мүмкін шығындар туралы болжамдарды ескере отырып, өз қажеттіліктерін қалыптастыратынын нақтылай сөз етті.

«Біз нақты цифрды осындай деп айта аламаймыз. Себебі, бұл – әскери құпия. Біз ресурстарға - әскери техника мен адамдарға сұраныс қалыптастырамыз. Бұл ұсыныстардың барлығын біз Қорғаныс министрлігіне заңнамалық бастама субъектісі ретінде береміз. Одан әрі оның қалай қамтамасыз етілуін мемлекет шешеді. Бізге снарядтар, қару-жарақтар мен адамдар қажет. Қалғандарының бәрін өкілеттігі бар органдар жүзеге асырады», - деді Генерал.

1703670460387801.jpg

ӘСКЕР БОРЫШЫН ӨТЕУДЕН «ЖАЛТАРУШЫЛАР» ТУРАЛЫ

Генерал Залужный «әскерден жалтарушыларға, шақырылушыларға және ротацияға» қатысты жұмылдырудың жаңа ережелері туралы заң жобаларына егжей-тегжейлі түсінік берді.

Ең бастысы, осы мәселе 25 желтоқсан күні кешке Парламентке енгізілді. Ол жұмылдырылғандардың жасын 27 жастан 25 жасқа дейін төмендетуді, әскери есепке алу және шақыру қағаздарын тапсыру рәсімдерін жеңілдетуді, сондай-ақ жалтарғаны үшін мыңдаған айыппұлдар мен қорытындыға дейін қатаң санкцияларды салуды көздейді.

Бұдан басқа, заң жобасында соғыс жағдайы кезінде үш жылдан астам қызмет атқарғандарды және тұтқында болғандарды демобилизациялау мүмкіндігі қарастырылатын болады.

1703670508773083.jpg

БІЗ АРМИЯМЫЗ. БІЗ АЗАМАТТЫҚ ӨМІРГЕ АРАЛАСПАЙ, СОҒЫСУЫМЫЗ КЕРЕК!

Залужный атап өткен тағы бір тақрыбы: Әскерилер құжаттарды дайындау жөніндегі жұмыс тобы жасаған ережелердің көбі, әсіресе азаматтық жұмылдыруға және жалтарушыларға қатысты санкцияларға қатысты ережелер Бас штабта әзірленбегендігін алға тартты.

«Біз армия, біз азаматтық өмірге араласпай, соғысуымыз керек», - деді Залужный.

Залужный әскери адам еместігін тағы бір мәрете айтты. Залужныйдың айтуынша, Бас штаб үшін жұмылдыру өте маңызды болғанымен, бұл үкіметтің өз мойына алып, орындайтын міндеті

Залужный қабылданғалы отырған Заң жобасының кейбір ұстанымдарына қатысты, атап айтқанда, 6 айдан кейін әскери қимылдарды міндетті ротациялау туралы ережеге күмәнмен қарайтындығын жайып салды.

«Әрине, біз болғанын қалайтын бұл норма өте тартымды болғанымен, біздің адамдар қазір жарыста емес, бұл бүкіл әлем бақылап отырған шоудың көрермендері емес. Майдандағы жағдай қарсыластың іс-қимылына байланысты. Біз оның 6 ай, 3-5 ай болатынын болжай алмаймыз», - деді Бас қолбасшы.

«Егер адамдар әр алты ай сайын ротация жүргізуді ұсынса, олар әскерлердің жауынгерлік құрамын кем дегенде екі есеге ұлғайту қажеттігін түсінуі тиіс», - дейді Залужный

Сонымен қатар Залужный ӘҚУ мерзімді қызметтен бас тартуды ұсынғанын және оған дайын екенін мойындады. Жаңа заң жобасына сәйкес, Украинда мерзімді қызмет ендігі жерде базалық әскери даярлық ауыстыруы тиіс болады.

1703670551181080.jpg

ДЕМОБИЛИЗАЦИЯ ТУРАЛЫ...

Бас қолбасшы майданда бұрыннан шайқасқан әскерилерді демобилизациялау тақырыбын арнайы жеке сөз етті.

Оның айтуынша, Бас штаб пен Қорғаныс министрлігі соғыс жағдайы кезінде тек майдандағы жағдай шиеленісе түспеген жағдайда ғана 36 айдан астам үзіліссіз қызмет атқарғандарды демобилизациялауға рұқсат беруге келісті. Өйткені, Қарулы Күштер қатарынан кететін тәжірибелі адамдарды қалай және кіммен ауыстыру керек деген сауал өз шешімін нақты табуға тиіс.

«Біздің майдандағы жауынгерлеріміздің қазір аса күрделі жағдайда тұрғанын өз басым өте жақсы түсінемін. Мен 36 айдан кейін тапсырманы орындап, осы адамдарды алмастырамыз деп үміттенемін», - деді Бас Қолбасшы.

МАЙДАНДАҒЫ ЖАҒДАЙ ТУРАЛЫ

Журналистер «соғыстың болашағы туралы» қаншама айналма сұрақтар қойғанымен Валерий Залужный оның бәріне жалтарып жауап берді.

«Сіздерді келесі жыл 2023 жылдан мүлдем ерекшеленеді дегенге әбден сендіре аламын, біз бұл үшін бәрін жасаудамыз», - деген ол, бұл сөзіне «әскери басшылық алдағы міндеттерді айқындап, оларды шешу үшін жұмыс істеп жатыр» дегенді қосты.

Жекелеген бағыттарға, соның ішінде осы жазда Ресейлік әскерлер жаулап алған Бахмут жайында, сондай-ақ дәл қазір Ресей жағы толық басып алу қаупі төніп тұрған Авдеевка мен Марьинкадағы соғыс қимылдарына қатысты түсініктеме бере отырып, Залужный бәрі де әскери ойластырылған мақсатпен анықталуы тиіс екенін атап өтті.

«Қандай да бір елді-мекеннен айырылып қалуға байланысты трагедия орнатудың еш қажеті жоқ. Жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізудің амал-тәсілдері командирлерге, саясаткерлерге немесе журналистерге ұнайтынына қарамастан, ол өмірдің өзі алға тартатын өз заңдарына бағынады», - деп атап өтті ол.

1703670678157625.jpg

ШОЙГУДЫҢ ӨТІРІГІН ЗАЛУЖНЫЙ ӘШКЕРЕЛЕДІ

Залужный атап өткендей, Қарулы Күштер жердің әр бөлігін қорғайды, бірақ адамдарды сақтап қалу қажет болса, «біз бұл шешімді қабылдап, адамдарды сақтап қаламыз».

Бас қолбасшының айтуынша, Ресейлік әскерлер снарядтарды көп мөлшерде пайдалана отырып, қалаларды жойып жатыр және 2-3 айда кез келген қаладан Бахмут жасай алады, дәл қазір Авдеевка мен Марьинкадағы жағдай тап осылай болып жатыр.

1703670634778175.jpg

ЕНДІ МАРЬИНКА ДЕГЕН ҚАЛА ЖОҚ

Ресей билігі тіпті Марьинканы басып алғанын хабарлауға асықты, бірақ оған Залужный қарсылық білдіріп, Украина әскерлері қаланың солтүстік бөлігін әлі де қолдарында ұстап отырғанын алға тартты. Күйіне отырып, аузынан шыққаны: «Дегенмен, мен бұл елді мекен енді жоқ деп айта аламын», - болды.

Баспасөз конференциясы Украина жағының 2023 жылғы ұрыс қимылдарына қатысты берген жылдық есебі болды десек артық айтпаймыз.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар