Сіз кімсіз, Ким мырза?

Қос Корея арасындағы шиеленіс қайта ушықты. Тараптар бір аптада бір-бірне қарата үш мәрте артиллериядан оқ жаудырған. Әскери мамандар кемі 800 снарядтың теңізге түскенін мәлімдеді. Осы ретте әлем БАҚ-тары Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын жайлы қайта мақалалар жазып, өз зерттеуін жариялауда. Сонымен, Ким Чен Ын кім?


Дочь Ким Чен Ына: все, что известно о Ким Чжу Э | РБК Life

 

Ким Чен Ынның қашан өмірге келгені нақты белгілі емес. Құпия ақпарат қатарына жатады. Кей деректе 1982 десе, енді бір деректерде 1983, 1984 жылдар көрсетілген. Туған күні ретінде 8 қаңтар деген дерек бар. Алайда оның туған күні ескерусіз қалған, есесіне әкесі Ким Чен Ирдің туған күнін ел болып тойлайды. Ким Чен Ир өмірге келген 16-ақпан «Жарық жұлдыз күні» деп аталса, атасы Ким Ир Сен өмірге келген 15-сәуір «Күн күні» ретінде аталып өтіледі.

 

Ким Чен Ынның отбасына қатысты ақпараттар да аз. Басым бөлігі құпия. 2017 жылы Ким Чен Ынның бауыры (кей деректе бөлесі) Ким Чен Нам Малайзияда өлтірілді. Өлімінің артында Ким Чен Ынның өзі тұр деген күдік бар.

 

Жалпы Ким Чен Ынның әкесінің заңды бір әйелі және азаматтық некедегі өзге үш әйелі болған дейді ВВС зерттеуі. Ким Чен Ынның анасы Ко Ен Хи Жапонияда өмірге келіп, Солтүстік Кореяға өткен ғасырдың 60-шы жылдары келген. ВВС Ким Чен Ынның анасы Ким Чен Ирмен заңды некеде болмағанын жазды.

 

Korea Times басылымының жазуынша Солтүстік Кореяда Ким Чен Ынның анасы жайлы айтылмайды. Оның екі себебі бар. Біріншісі, ол Жапонияда өмірге келген, екіншісі ол жастық шағында биші болған.

 

Ким Чен Ынның әйеліне қатысты да ақпарат аз. Ақпарат бойынша 2009 жылы Ким Чен Ын Ри Соль Чжу есімді кәріс қызына үйленген. Ри Соль Чжудің әулетіне қатысты, оның мамандығына қатысты ақпарат жоқ. Солтүстік Кореяда дәл осы есіммен белгілі әнші бар. Көпшілік Ким Чен Ынның әйелі мен әнші Ри Соль Чжу бір адам деп санайды. Ри Соль Чжу 2005 жылы Оңтүстік Кореяға ресми делегация құрамында барған, ал артынша Қытайда білім алған дейді ВВС.


Ким Чен Ын с дочерью принял участие в фотосессии с работниками ОПК - РИА  Новости, 28.11.2022

 

Соңғы уақытта әлемдік прессаның назары Ким әулетіне ауды. Оның бір себебі әлемдік геосаяси ойыннан бөлек, Ким Чен Ынның қасынан қызы Ким Чжу Эні үнемі алып жүруімен байланысты. Сарапшылар Ким Чжу Э болашақ тақ мұрагері деп санайды. Оның нақты жасы нешеде екені белгісіз, алайда шамамен 10-12 жас аралығында болуы ықтимал. Ким Чен Ынның 2010, 2013 жылғы тағы екі баласы бары белгілі. Ким әулетін зерттеушілер оның заңсыз некеден өзге де балалары барын айтқан.

 

Ким Чен Ынның қарындасы Ким Е Чжон Солтүстік Кореядағы екінші тұлға саналады. Саясаттанушылар оның да таққа отыру мүмкіндігі барын айтады. Солтүстік Корея құрылған сәттен бастап әлі күнге дейін таққа әйел адам отырмаған.

 

«Солтүстік Корея басшысының өмірі құпияға толы. Тіпті нақты өмірге келген датасын, қанша баласы барын да дөп басып айту қиын. Бұл қауіпсіздіктен бөлек, Ким Чен Ынның балаларын Еуропада оқытқысы келетінінің дәлелі. Оның өзі де Еуропада білім алған. Ким Чен Ын ішкі таластан сескенеді, сол мақсатта ол өз бауырын Малайзияда өлтіртті. Ол сыртқы қақтығысқа қарағанда, ішкі тартыстан қорқады. Әлемге Солтүстік Корея жүйесі мығым болып көрінсе де, шындығында ол талас-тартысқа толы жеке әлем іспеттес. Бұл тұрғыдан Солтүстік Корея мен Қытайдың саяси жүйесі ұқсас», - дейді сарапшы Эдвард Хауэлл.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар