Зеленскийдің Балтық елдеріне сапары: Ресей ерте ме, кеш пе, шегінеді!

Балтық елдері Ресей басқыншылығынан кейін Украинаның ең сенімді одақтастарының біріне айнала білді.

1704963563797320.jpg

Олардың сенімді одақтастығын ескерген Украина президенті Балтық елдеріне күтпеген сапармен келді. Владимир Зеленский Литваға ұшып барып, одан соң Латвия мен Эстонияға өз сапарын жалғастыруда.

BBC арнасы: «Украина президенті Владимир Зеленский Литваға күтпеген сапармен сәрсенбі күні келді.  Сөйтіп Зеленский Балтық елдеріне сапарын бастады. Оның барысында Зеленский Ресеймен соғысты және Киевтің НАТО мен Еуропалық Одаққа кіру мәселелері талқыламақ», - деп жазады.

Украина бұл орайда ұзаққа созылған соғыс ықтималдығының өсе түсуін ескере отырып, өзінің Батыстық одақтастарына қосымша қаржылық және әскери көмек сұрап жүгінген болатын.

«Соғысқа дайындалу уақыты келді». Мұндай үндеулер Еуроодақ елдерінің әскери басшылығынан жиі айтылып келеді. Швецияда жақында Азаматтық қорғаныс министрлігінің басшысы педагогикалық ескертпе жасады. Осы жолы Вильнюсте сапармен болған Украина президенті Владимир Зеленский Балтық елдері үшін қауіп-қатерлерді атап өтті.

«Ресей президенті Украинаны жоймайынша тынышталмайды. Біз Литва, Латвия, Эстония, Молдова келесі болуы мүмкін екенін түсінуіміз керек», - деді Зеленский.

Зеленский: «Эстония, Латвия және Литва - біздің сенімді достарымыз және тілектес серіктестеріміз. Қауіпсіздік үшін ЕО мен НАТО-ға интеграция жасау, радиоэлектрондық күрес және ұшқышсыз ұшу саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ Еуропалық қолдауды одан әрі үйлестіру - осының бәрі күн тәртібінде тұр», - дейді.

Литва президенті Гитанас Науседа әскери көмектің жаңа жеткізілімдерін жария етті.

«Біз Украинаға берілетін 200 млн еуро сомасындағы ұзақ мерзімді әскери көмек пакетін мақұлдадық. Қаңтарда біз Украинаға оқ-дәрілерді, генераторларды, сондай-ақ детонация жүйелерін, ал ақпанда М5777 бронетранспортерлерін жіберетін боламыз. Украиналық сарбаздарды жаттықтырып, қорғаныс өнеркәсібіндегі ынтымақтастықты нығайта түсеміз», - деді Гитанас Науседа.

«Бүгін Гитанас Науседамен бірге майдандағы оқиғалардың одан ары қалай дамитынына көп көңіл бөлдік. Қару-жарақ, техника, біздің жауынгерлеріміздің жаттығуы, Литваның минасыздандыру жөніндегі коалициядағы көшбасшылығы - осының бәрі бізге күш береді. [Біз] қазір келісіп отырған жаңа қорғаныстық шараларды қолдау үшін - тек көмек үшін ғана емес, майдан шебіне аса қажетті дрондармен күресу құралдарын бірлесіп жасауға келіскені үшін рахмет», - деді Зеленский өз кезегінде.

Reuters осы орайда: «Ұзаққа созылған соғыстың болу ықтималдығын ескере отырып, Украина өзінің Батыс одақтастарына қосымша қаржылық және әскери көмек сұрауға мәжбүр»,- деп жазады.

Зеленский: «Ресей өзін ұрып-соғуды жалғастыра берсе, шыдай алмайды»

Украина президенті Владимир Зеленский Вильнюсте жұртшылық алдында сөйлеген сөзінде Еуропаның Ресей агрессиясына қарсы тұру үшін одан әрі бірігуі қажет деп мәлімдеді.

«Қазір Мәскеу өзінің ескі империясын қалпына келтіруге қазіргі заманғы қару-жарақтың барлық түрін қолданып, тырысып жатқанда, оған қасқая қарсы шыққан біздің украиналық батылдығымыз - бұл сіздерге де көмек беру болып табылады. Біздің бірлігіміз сіздердің де қауіпсіздіктеріңіздің кепілі болып саналады. Біздің жауынгерлеріміздің қайту бермес шыдамдылығы - бұл сіздердің де шыдамдылықтарыңыз. Және егер біз біресе Ресейді тоқпақтауды жалғастыра берсек, Ресей оған шыдай алмайтындығын біздің украиналық сезіміміз нақ сездіреді. Біздің ақиқат шындықтың жақтаушысы ретіндегі ортақ тарихи таңдауымыздың дұрыстығы бұл - тәуелсіз болу таңдауы. Еуропада болу таңдауы. Теңдестер арасында болу дегеніміз қанқұйлы соғысты емес, бейбіт өмірдің шадымандығына бөлену құқығын қалау», - деді ол.

Зеленскийдің айтуынша, Ресей ерте ме, кеш пе шегінеді. «Біз қазір оның болатын нақты күнін айта алмаймыз. Біз қазір оның қалай болатыны туралы егжей-тегжейлі айта алмаймыз. Бірақ біз оның болатынын білеміз», - деді Украина президенті.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар