АҚШ, Ұлыбритания, Австралия, Бахрейн, Канада және Нидерланды бірлескен мәлімдеме жариялады.
Онда Британ және АҚШ қарулы күштері одақтастарының қолдауымен Йемендегі хуситтердің сегіз нысанына шабуыл жасады. Мәлімдеме Ұлыбритания үкіметінің сайтында жарияланды.
Хабарламада айтылғандай, соққы хуситтердің жерасты қоймасы мен зымыран және әуе жүйелері орналасқан жерлерге жасалған.
«22 қаңтарда кешке американдық және британдық қарулы күштер Йемендегі хуситтердің нысандарына шабуыл жасады», - деп хабарлайды Associated Press.
Олардың айтуынша, соққылар үшін әскери корабльдер мен су асты қайықтарынан ұшырылатын «Tomahawk» қанатты зымырандары және жойғыш зымырандар пайдаланылған. Шабуылдардың мақсаты - зымыран қоймалары мен хуситтердің ұшыру қондырғылары.
«Ансар Аллах» хуситтер қозғалысының баспасөз қызметі АҚШ пен Ұлыбритания Йемен астанасы Санаға және бірнеше провинцияға шабуыл жасағанын хабарлады.
Қозғалыс қауіпсіздігі қызметіндегі дереккөз баспасөз қызметіне Әл-Дайлами әуебазасы мен әл-Хафа әскери лагеріне төрт рет шабуыл жасалғанын, әскерилер Сарафа ауданына екі рет соққы жасағанын хабарлады. Сонымен қатар, дереккөздің айтуынша, шабуылға Макбана қаласы, Таиз және әл-Байда провинциялары да ұшыраған.
АҚШ пен Ұлыбритания Йемен астанасы Санаға шабуыл жасады. Авиацияның ұшуынан кейін қаладағы жарылыстар туралы «Al Jazeera» хабарлайды.
Mezgil.kz