Психдиспансердегі екі күндік емдеуден соң Руза Бейсенбайтегі үйіне оралды

Кешелі-бері қазақ қоғамы, Қазақстан қоғамы Керекудегі тіл жанашыры Руза Бейсенбайтегінің жағдайына алаңдаулы болды.

1706253594333767.jpg

Қоғам белсенділері, Руза Бейсенбайтегінің психикалық ауытқушылығы бар науқастар емделетін ауруханаға жатқызылғаны туралы хабарламасынан соң, қоғам Руза Бейсенбайтегіне араша сұрап жатты.

Бүгін Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасы аталған оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасапты. Бүйдейді:

«24 қаңтар күні, с ағат 16:20 шамасында 103 пультіне: «Павлодар қаласында әйел адам көшедегі өткен-кеткендерге қатысты агрессивті түрде әрекет етуде», - деген мазмұнда хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына жеткен жедел медициналық жәрдем бригадасы 66 жастағы тұрғын Р.Б.-ның психикалық ауытқушылық белгілерін анықтап, Павлодар облыстық психикалық ауруханаға жатқызылды.

Екі күн бойы облыстық психикалық аурухана дәрігерлерінің бақылауында болып, ем қабылдады. Дәрігерлер консилиумы қорытынды тексерістен кейін, Р.Б.-ның денсаулығындағы оң өзгерістерді анықтап, ауруханадан шығарылды.

ҚР Денсаулық сақтау саласындағы заңнамаларға сәйкес, егер науқастың денсаулығы кейін күрт нашарлап, айналасына агрессия танытатын болса, қайта ауруханаға жатқызылатынын айта кеткіміз келеді», - дейді.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар