Бас Прокурор Берік Асыловтың «Казахстанская правда» және «Егемен Қазақстан» жалпыұлттық газеттерінде сұхбаты жарияланды.
(Сурет: Егемен Қазақстан газетінен)
Сілтеме арқылы өтіп сұхбатпен онлайн танысуға болады, Тақырыбы: «Берік Асылов: Инвестициялық жобаларды қорғау – маңызды міндет».
Бас Прокурор инвестициялар ағыны үшін елеулі серпін - бұл инвестицияларды тартудан бастап жобаны пайдалануға беруге дейінгі барлық процестерді нақты уақыт режимінде қадағалауға арналған Бірыңғай цифрлық инвестициялық платформа құру екенін атап өтті.
Жобаның барлық кезеңдері, оның ішінде рұқсат құжаттарын, жер учаскесін беру мерзімдері және басқа да процестер жауапты тұлғаларды көрсете отырып цифрландырылатын болады.
Бұзушылықтар мен кедергілер болған жағдайда жүйе олар туралы СІМ мен прокуратураға сигнал беретін болады.
Бүгінгі таңда процестерді талдау және бақылау қолмен жүзеге асырылады.
Қадағалау органының басшысы: «Барлық мемлекеттік органдардан инвестициялық қызметті қолдау бойынша барынша күш салу талап етіледі.
Бұл бағыттағы айқындаушы және өте маңызды қадам Мемлекет басшысының 2023 жылғы 4 желтоқсанда «ел экономикасына инвестициялар тарту жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлықты қабылдауы болды, ол тез шешім қабылдау үшін жаңа жүйені енгізді.
Осыған сәйкес Үкімет инвестициялық штабтың жұмысын қайта жасақтады. Оның шешімдері қазір мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар үшін міндетті болып табылады. Бұл инвестициялық ортаны жақсарту процестерін едәуір жеделдетеді», - дейді.
Берік Асылов: «Президент жоғары қадағалау органының тарихында жаңа тарауды - инвестициялық жобаларды сүйемелдеу мен инвестицияларды қорғауды ашатын басты шешуші рөлге жүктегенін атап өтті. Бұл жай ғана міндеттерді кеңейту емес, белгілі бір дәрежеде прокуратураның қазіргі кезеңдегі рөлін өзгерту.
Мемлекет басшысы бізге осы маңызды міндетті жүктеген кезде, біз инвесторларға тиімді көмектесу үшін нақты шекараларды қалай құру және мемлекеттік органдардың жұмысына әсер ету дәрежесін анықтау туралы ойлана бастадық.
Біздің алдымызға қойылған міндет өте айқын: елде бизнесті жүргізу және инвестициялау процесін барынша тікелей және ашық ету.
Инвесторлардың мәселелерін біз бюрократиялық кідірістер мен кедергілерді жою арқылы тікелей шешуіміз керек.
Қазір біздің сүйемелдеуімізде 7,5 млрд АҚШ долларынан астам сомаға мыңнан астам жоба бар», - дейді.
Mezgil.kz