Түркіменстан прокуратурасы: Күдікті тергеуде өзін-өзі ұрып өлтірді

Түркіменстанның Бас прокуратурасы елдегі даулы іске қатысты мәлімдеме жасады. Түркіменстанның Марый уәләятының тұрғыны Алламұрат Худайрамов тергеуде көз жұмған болатын. Бас прокуратура күдікті трамадол ішіп, өзін-өзі ұрып тастағанын айтты. Ақпаратты Turkmen.News жария етті.


В Туркменистане женщин лишают водительских прав - ACCA

 

«Күдіктінің ажалына қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалып, сараптама барасында Худайрамовтың денесінен жарақаттар табылды. Қорытындыда жарақаттардың күдіктінің қолы жететін дене мүшелерінің тұсында болғаны айтылған. Медициналық сараптама күдіктінің өзін-өзі соққыға жыққанын растап отыр», - дейді Түркіменстанның Бас прокуратурасы.  

 

Худайрамовты Түркіменстан құқық қорғаушылары 2023 жылдың 27-қарашасында ұстаған болатын. Ол 535 дана трамадолды ауылдастарына сатпақ болды деген күдікке ілінді. Түркіменстан билігі оның іздеуде жүргенін айтуда, алайда марқұмның жақындары ол полицияға өз еркімен барып, кінәсіз екенін дәлелдеуге тырысты дейді.  

 

Худайрамовты тұтқындаған соң, оның тергеуде көз жұмғаны анықталды. Прокуратура трамадол әсерінен миында ісік пайда болған және өзін-өзі соққыға жығып, көз жұмған дейді. Худайрамовтың денесін жақындарына үш апта өткен соң бірақ берген. Жақындары оның өкшесі мен арқасында көгерген тұстары барын, ал басы жарылғанын айтуда. Turkmen.News басылымы билік о баста күдіктінің жақындарына жақ ашпау үшін қаржы ұсынса, енді оларды қорқытуға көшкенін жазды. Бұл істі ЕО-ның адам құқықтарына қатысты комиссиясы тіркеуге алды.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар