«Украинадағы соғыстың аяғы әзірге көрініп тұрған жоқ», - деп мәлімдеді Германия канцлері Олаф Шольц.
«Ресей екі жылға жуық уақыт бойы Украинаға қарсы ымырасыз соғыс жүргізіп келеді және оның соңы көрінбейді», - деді Канцлер. Шольцтың пікірінше, Еуропа Киевті қолдауды жалғастыруы тиіс. Ол көмек қажет болғанша жалғасатынын атап өтті.
«Deutsche Welle» деректеріне көз жүгіртер болсақ, Германия канцлері Шольц: «АҚШ пен ЕО-ға мүше барлық мемлекеттер Ресей Президентінің бұл соғыстың өз бетінше шешілетініне деген үмітінің жолын біржола кесуді, сол үшін зор үлес қосуды қос қолдап қолдайды», - деп мәлімдеді.
Неміс канцлерінің айтуынша, Владимир Путин белгілі бір сәтте «Батыстық одақтастар Киевті қолдауды тоқтатады» деп үміттенеді: «Бұл орайда, АҚШ та, Еуропа да оның бұл тілегінің тамырына балта шабуы тиіс: «Біз Украинаны қолдаймыз» деп ашық айтуға тиіс», - дейді.
Mezgil.kz