Газа: Аштық есік қағып тұр

БҰҰ Газа аймағында 22 мың ғимарат толық қирап, 14 мың ғимарат құлау алдында екенін жария етті. Сонымен бірге 3 мың ғимаратқа зақым келген.


ЮНИСЕФ сообщил о нехватке продовольствия для большинства детей в Газе |  Новости мира | Известия | 23.12.2023

 

Үш айдан астам уақыт бойы жалғасып жатқан қарулы қақтығыстан Газа аймағында 94 мың пәтер қирандыға айналған. БҰҰ-ның мәліметі бойынша аймақтағы 2,2 млн халықтың 1,7 млны ішкі босқынға айналған. Израильдің шабуылдарынан кейін Газаның солтүстігіндегі тұрғындар оңтүстікке қарай қоныс аударған.

 

Қазіргі сәтте ұрыс қимылдары Хан-Жүніс қаласында жүріп жатыр. Газа тұрғындары Рафах қаласы мен Мысыр шекарасы маңына топтасуда. Израиль Мысыр мен Газаны жалғап жатқан дәлізді бақылауға алуға ниетті. Алайда Мысыр бұл бастамаға қарсылық білдіруде және аталмыш әрекет екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастың үзілуіне әкелуі мүмкін деп мәлімдеме жасады.


БҰҰ-ның аймақтағы гуманитарлық миссиясы Газадағы жағдайдың тым күрделі екенін айтты. Соғыс қимылдарынан қаза тапқандар саны 27400 адамнан асқан, ал жараланғандар саны 60 мыңнан асады. Бүгінде Газа тұрғындарының 85 пайызға жуығы тойып тамақ ішпей, ашқұрсақ отыр. Адам құқығын қорғайтын ұйымдар халықтың басым бөлігі соғыстан емес, аштық пен аурудан көз жұмбақ деп дабыл қағуда. Палестин босқындарын қаржыландыратын БАПОР ұйымы қаржыландыруды тоқтатты. Басты себеп ұйым қызметкерлері ХАМАС-пен байланысты болған деген күдікке ілінуде. Палестин босқындарын қаржыландыру бағдарламасынан 10 мемлекет шығып кетті. Сарапшылар мұның салдары аймақта бұрынсоңды болмаған аштыққа әкелуі мүмкін дейді. 

 

Апта басында АҚШ-тың МемХатшысы Энтони Блинкен Таяу Шығыстағы сапарын бастады. Алғашқы кездесуді Сауд Арабиясынан бастап,  тақ мұрагері Мұхаммед Бин Салманмен жүздесті. Талқы болған тақырып Израиль-ХАМАС соғысы, хуситтердің шабуылы және Газадағы жағдай.

 

Газаға соғыс басталғалы бері 10 мыңға жуық жүк көлігі гуманитарлық көмек жеткізген. Алайда бұл қажетті дәрі-дәрмек, азық-түлікпен толық қамтамасыз етуге жетпейді.


Mezgil.kz





Ұқсас тақырыптар