Ресейдің Ливандағы елшісі: Израильдің фосфорлы бомбаcы, "Хезболла" және Ресей жайлы

Ресейдің Ливандағы елшісі Александр Рудаков Pravda.Ru сайтының тілшісі Дарья Асламоваға сұхбат беріп, Таяу Шығыстағы қақтығыстардағы Ресейдің позициясы жайлы айтты. Ол сұхбат барысында Газадағы жағдай, Ресейдің Таяу Шығыстағы рөлі, Тель-Авив тарапынан Бейрутты бомбалаудың қауіптілігі және Израиль мен Ливан арасында соғыс болса Ресей кімді қолдайды деген сауалдарға жауап берген.


Чрезвычайный и полномочный посол РФ в Ливане Александр Рудаков - РИА Новости, 1920, 08.02.2022

 

«Ливанда ешкім 2006 жылдың қайталанғанын қаламайды. Бейрутты бомбалағанын ешкім тілеп отырған жоқ. Алайда қазірдің өзінде қақтығыс бар. Хезболла мен Израиль әскері арасындағы қақтығыс 7-қазанда басталды және Газадағы соғыс аяқталған сәтте бұл қақтығыс та тоқтауы тиіс. Бұл қақтығыста басты кінәлі тарап Хезболла емес. Газада қазір қалыптасқан жағдай, Израильдің Газа мен Иордан өзенінің Батысындағы Палестина аумағын оккупациялауды жалғастыруы осыған әкелді. Біз көптеген бейбіт тұрғын қаза табатын ірі соғысты болдырмауға тырысып жатырмыз. Өйткені соғыста ең алдымен әскерилер емес, аналар мен балалар көз жұмуда. Олар қорғансыз. Израиль жүргізіп жатқан соғыста, Израиль ататын зымырандарға қарсы тұруда қауқарсыз», - дейді елші.

 

Елші Ливандағы экономикалық жағдайдың қиын екенін айтып, Израиль тарапынан соғыс басталса онда апатты жағдайға тап болатынын меңзеді. «Ливан 2019 жылдан бері қиын экономикалық жағдайда күн кешуде. Соған қарамастан Ливан қоғамы жағдайын жақсартуға талпынуда. Жағдайдың жақсаратынына үмітпен қарайды. Алайда соғыс басталса, онда жағдай өте қиын болмақ. Әрине, тек Ливан емес, сонымен бірге бұл Израильге де шығын. Себебі қандай қақтығыс болмасын екі тараптан да шығын болары анық», - дейді Рудаков.


Армия Израиля начала обстрел ракетных установок в Ливане — РБК

 

Рудаков Ливанды қазірдің өзінде соғыс елесі кезіп жүргенін айтты. Ол былай дейді: «Мен Ливанда соғыс болып жатыр десем көпшілік сенбейді. Алайда қазірдің өзінде Хезболланың 180-нен астам сарбазы, ал бейбіт тұрғындардың 20-дан астамы қаза тапты. Сонымен бірге Израиль шекарасына жақын аймақтан 80-100 мыңға жуық халық ішкері аймақтарға қоныс аударды. Ливан билігі экономикалық жағдайдың қиындығына байланысты оларға көмек көрсете алмайды. Қаржылық тұрғыдан да қолдау жоқ десем де болады. Израиль фосфорлы бомбаларды қолдануда. Бұл ел тұрғынының негізгі табыс көзі болып табылатын ауыл шаруашылық жерлерінің бүлінуіне әкеледі. Егіндік аймақ, бау-бақша, зәйтүн бақтары жарамсыз болып қалуда. Ливан экономикасы үшін бұл соққы. Бұл қосымша қаржылық қиындықтан шығу Ливан үшін оңайға соқпасы анық», - деген ойда.

 

Елші Ресей Сирияға қол ұшын созбағанда, онда радикализм аймаққа тарап, 2015 жылы Сирия мемлекеті бөлшектеніп кететін еді деген пікірде. Ол «Ливан халқы Ресейдің Сириядағы әрекетін жоғары бағалайды, себебі Ресей келмесе Сириядағы радикализм Ливанға ауысар еді деп санайды» дейді.

 

«Біз «Хезболланы» ешқашан лаңкестік топ деп мойындаған емеспіз. Ол Ливан қоғамының бір бөлшегі. Олардың Ливан Үкіметі мен парламентінде ресми өкілдері бар. «Хезболла» Ливандағы өзге партиялар іспеттес Ресеймен әріптестік жасау құқығына ие. Сондықтан біз «Хезболланы» бөлектемейміз және бәрімен бірдей қатынастамыз. Иа, «Хезболланың» өкілдері Ресейге келіп тұрады. Бұл кәдімгі қалыпты процесс. Біз өзге елдердегі парламенттермен де әріптестік орнатқанымыз іспеттес құбылыс қана. Мысалы Израиль парламентінде де оңшылдар мен солшылдар бар және кейбірінің сыртқы саясаттағы ұрандары аса агрессияға толы. Ауқымды соғыс басталса Ресей жағдайға халықаралық құқық тұрғысынан қарайтын болады. Тиісті құрылымдар кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс деген сұраққа жауап іздейді. Израиль бұл елге жиі әскери операциялармен кірді және оның бұл әрекетін халықаралық қауымдастық үнемі айыптап келді. Біз Сирияда заңды Үкіметті қолдадық. Бұл жерде де біз кімді жақсы көреміз деп қарамаймыз, кімнің әрекетінің дұрыстығына қараймыз», - дейді Рудаков.

 

Рудаковтың сұхбаты қазірдің өзінде Израиль тарапынан наразылық тудырды. Олар Ресей елшісінің пікірімен келіспей, Ресейді Украина жеріндегі әрекеттері үшін айыптады.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар