Армения енді Ресейге кері бұрылмайды, оның алдында әріптестермен қарым-қатынасты әртараптандыру міндеті тұр! Армения премьері Никол Пашинян осылай деп мәлімдеді!
«Біз жалпы Ресеймен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты жоққа шығарамыз немесе қабылдамаймыз деп айтқан жоқпыз. Біз қауіпсіздік саласындағы қарым-қатынастарымызды әртараптандырмақпыз дедік. Бұл не? Бұл біз Ресеймен қауіпсіздік саласындағы қарым-қатынастарымызды бұзғымыз келеді дегенді білдіре ме? Жоқ!
ӘСКЕРИ САЛАДА ЖАҢА ӘРІПТЕСТЕР ІЗДЕЙМІЗ!
Бірақ бұл біз қауіпсіздік саласында өзге әріптестерімізбен бірлесіп жұмыс жасауға дайынбыз деген сөз. Мысалы, Еуропалық одақпен, Франциямен. Потенциал бар! Мысалы, Құрама Штаттармен, Иран Ислам Республикасымен! Бұл да мүмкін! Бұл санатта Үндістан да бар.
Біздің сол Құрама Штаттармен, Франциямен, Үндістанмен немесе Еуропалық одақпен қауіпсіздік саласындағы қарым-қатынасымыз, әрине, Ресейге қарсы бағытталмаған», - деді Армения премьері.
НАТО-ҒА МҮШЕЛІК ТУРАЛЫ...
«Біз НАТО-ға мүшелікті талқылаған да емеспіз. Біздің НАТО-мен серіктестік қарым-қатынасымыз бар! Бұрын бізде НАТО-мен жеке әріптестік жоспары болған, қазір бұл жоспар мүшелікті көздемейтін әріптестіктің басқа форматына қайта құрылады», - деді Армения премьері.
ҰҚШҰ (ОДКБ) ТУРАЛЫ...
«Сонымен қатар, бүгінгі таңда біз Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа кем дегенде де-юре мүше болып табыламыз. Арменияда қазір осы әскери блоктағы мүшелік стратегиясы Армения мүддесіне қаншалықты сәйкес келетіні туралы пікірталастар жүріп жатыр», - деді Пашинян.
БІЗ УКРАИНАДАҒЫ СОҒЫСТА РЕСЕЙДІҢ ОДАҚТАСЫ ЕМЕСПІЗ!
«Украинада соғыс басталған кезде мен: «біз Украина мәселесінде Ресейдің одақтастары емеспіз», - деп айттым. Қазір де сол позиция өзгерген жоқ. Біз бұл соғыста Ресейдің жақтасы емеспіз!», - деп қосты Пашинян.
Mezgil.kz