Лукашенко: Польшаға жер бермейміз! Ресейден жер сұрамаймыз!

Бүгін Минскіде Беларусь басшысы Александр Лукашенко жиын өткізді. Бүкіл Беларусьтегі кооператив ұйымдарын жинады. Аталған жиында елішілік мәселелерден бөлек, жаһандық саясат, соның ішінде Ресей-Украина соғысына қатысты да бірлі-жарым мәлімдеме жасады.

1708078768805398.jpg

Біз аталған мәлімдемелердің бірсыпырасын топтап, оқырман талқысына ұсынғанды жөн санадық. Сонымен, Беларусь басшысы не дейді?

«УКРАИНА ДИВЕРСАНТТАРЫН ТҮГЕЛ ҰСТАДЫҚ»

«Өздеріңіз көріп отырғандай, әлемдегі, біздің айналамыздағы ахуал күрделі. Десе де, сіздер барлығын білмейсіздер. Бірақ, жуырда біз сіздерге айналамызда не болып жатқаны туралы егжей-тегжейлі айтатын боламыз.

Бүгін Батыстағылардың барлығы, соның ішінде біздің қашқын беларусьтер Ресейдің Украинадан жеңілгенін аңсап, армандап отыр», - дейді лукашенко.

«Мен сіздерді қорқытайын деп отырған жоқпын, бірақ айту керек факт. Бүгін ғана бізде контр-террорлық операция аяқталды. Беларусь шекарасынан Украина диверсанттары ұсталды. Олар Беларусь пен Ресей аумағына жарылыстар ұйымдастырмақ болған. Біз барлық диверсанттарды бірін қалдырмай ұстадық. Олардың арасында біздің қашқын беларусьтер де бар», - деді Александр Лукашенко.

«ЕШКІМНІҢ ЖЕРІНЕ ТАЛАСПАЙМЫЗ»

Әрі қарай: «Беларусь оппозициясы қазір Батыста келіссөздер өткізіп жатыр. Олар Ресей егер Украинадан жеңілсе, Ресейдің батыс территорияларын Беларуське қосып алу, Беларусьтің батыс территорияларын Польшаға беру жайын ақылдасуда. Бізге біреудің жері керек емес. Беларусь Вильнюстің жеріне де, Белостокқа да, Украинаның жеріне де таласпайды. Бізге өзімізге тиесілі тарихи жерлердің өзі жеткілікті», - деп сөйледі Ол.

«Біздің Батысқа қашып барған оппозициямыз өз келіссөздерінде нақты мынадай мәселені көтерген. Онда: «Польша Беларусьтің батыс жерлеріне таласуға құқылы. Ресей соғыста жеңілген жағдайда, Беларусь Ресейдің батыс жерлері есебінен ұлғаяды», - делінген. Яғни, бұл бойынша бізге Смоленскі, Брянскі, мүмкін Псковскі облыстарын алуымызға мүмкіндік береді, Батыс. Есесіне біз Минскіге дейінгі жерлерді Польшаға беруіміз керек-мыс. Бұған кім келіседі? Ешкім! Бұған келісетіндер табылатын шығар. Бірақ ол мен емес! Біз өз жеріміз үшін ең ақырына дейін күресеміз. Оның үстіне біз ешкімге проблема жасап жатқан жоқпыз. Біз ешкімге ештеңе міндетті емеспіз!»,- деді Лукашенко.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар