Ресей мен Түркия арасындағы сауда жасау санкциялық қысымдарға байланысты бірқатар қиындыққа ұшырауда. Банктық төлемдерді жүргізуде артқан қиындықтарға байланысты түрік кәсіпкерлерді Ресейді экспорт үшін төлемді банктық операциялар арқылы іске асырмайтын арнайы тізімге қосуды сұрауда.
Қазіргі сәтте Түркия арнайы режим бойынша 33 елмен сауда қатынасын жасайды. Негізінен аталмыш тізімге банктық төлем жүйесі дамымаған Африка елдері кіргізілген, алайда олармен қатар Иран, Беларусь, Куба, Молдова, Қырғызстан, Тәжікстан, Венесуэла елі де тізімде бар. Ендігі таңда сол тізімге 34-ші ел етіп Ресейді қосу ұсынылып отыр.
Түркия банктері Ресейден төлем қабылдауды 22-желтоқсаннан кейін жаппай бас тарта бастады. АҚШ президенті арнайы жарлыққа қол қойып, Мәскеуге санкцияны айналып өтуге көмектесетін қаржылық секторды жанама санкция күтіп тұрғанын айтқаннан кейін Анкара ресейлік банктермен байланысты еселеп азайтқан. Ал АҚШ-тың МемХатшысы Энтони Блинкен Түркияға 5-қаңтарда арнайы сапармен барған сәттен кейін Түркия Ресейдің қаржылық секторымен байланысын тіпті күрделендіріп жіберді.
Түркияның Экспортерлер ассамблеясы қаңтар айында Ресей нарығына экспорт 30,4%-ға азайғанын айтты. Экспорттың азаюы маңызды 25 саланың 23-ін қамтыған. Оның ішінде ауыл шаруашылық өнімдері де бар. Ресей нарығына жеткізілетін жеміс-жидектің көлемі 20,4%-ға, химиялық өнімдер көлемі 41,4%-ға қысқарған. Кедендік өткізу көрсеткішінің статистикасына сүйенсек Түркияның Ресейге экспорты 39%-ға азайғанын байқауға болады. Ал кей тауар түрін сату мүлде тоқтаған, себебі Ресейдің оны әскери мақсатта қолдану мүмкіндігі анықталған.
2023 жылы Түркия мен Ресей арасындағы тауар қатынасы қарқынды дамыды. Түркия Ресей нарығына 11 млрд долларға жуық тауарды жеткізіп, соғысқа дейінгі көрсеткішті екі еселеді. Алайда Батыс сарапшылары Анкараның Мәскеуге салынған санкцияны айналып өту бағытының біріне айналғанын жазуда. Анкара Ресейге салынған санкцияның өз аумағы арқылы бұзылмағанына сендіріп бағуда. Дей-тұра Батыс елдері Түркияға қатысты арнайы зерттеуді жүргізуде және ол жанама санкцияға әкелуі ықтимал.
Mezgil.kz