Зеленскийдің жаңа сұхбаты: Біздің қазір бір ғана жауымыз бар. Ол - Путин!

Жуырда Ресей президенті америкалық журналист Такер Карлсонды Мәскеуге шақырып, екі сағаттық сұхбат берген еді. Ресей басшысының сондағы айтқандарын әлем жұрты ызу-қызу талқылаған болатын. Әйтсе де, Ресей президентінің сұхбатында іліп аларлық фактілер айтылды дей алмаймыз.

1708683142319347.jpg

Жақында Украина президенті Зеленский «Fox News» телеарнасына сұхбат беріп, соғыс жағдайын, Путиннің сұхбаты мен келіссөз мәселелеріне тоқталыпты. Сұхбат майдан даласынан бірнеше шақырым жерде жасалған.

Сонымен, Зеленский не дейді? Қараңыз:

Путиннің Карлсонға берген сұхбаты туралы:

«Менің Украинадағы соғыс, АҚШ туралы 2 сағаттық бос былшылды тыңдап отыратын уақытым жоқ», - деді.

Украинаның алдағы соғыс жоспары туралы:

«Мен соңғы айларда, басқыншыларға қарсы төтеп бере аламыз ба, қарсы тұра аламыз ба деген сұрақтарды жиі естіп жүрмін. Әрине! Аман қаламыз, бірақ барлығымыз бірдей емес! Егер әлем осыны көргісі келсе, көреді. Бірақ бұл трагедия. Бұл жалғыз Украинаның трагедиясы емес, түгелімізге ортақ трагедия. Еуропаның ортақ трагедиясы», - деді.

АҚШ көмегі туралы:

«Біз қазір параллельді жолдарды тапқанша, ілдалдалап, аман тұруымыз керек. Қалай десек те, бұл көмек өте-мөте маңызды. АҚШ-тың ол көмегінсіз біздің ауруханаларға таңылатын батырларымыздың саны да көп болмақ. Соғыста қорғанатын қалқан, мықты артиллерия мен оқ-дәрі жеткіліксіз болса, сәйкесінше, адам шығ,ыны да көп болады», - дейді.

Путин мен Ресей туралы:

«Бұл соғысқа қатысты екі түрлі көзқарас болуы мүмкін емес. Бір ғана жау бар. Ол – Путин!», - деді.

Келіссөздер туралы:

«Біздің адамдарымызды қырып жатқан танктермен келіп, келіссөз сұрау – бұл келіссөз емес! Макрон мен Щолц соғысқа дейін Путинмен сөйлесті. Путин ешқандай басып кіру болмайтынына сендірген. Сондықтан Ресей тарабы қазір не айтса да, оған сенім жоқ!», - деді.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар