Соғыстағы адам шығыны: Украина өз санын айтты. Шойгу нені жасырады?

Украина президенті Владимир Зеленский алғаш рет Ресей бастаған соғыстың екі жылындағы Украина армиясының шығындары туралы айтып берді. Оның айтуынша, соғыс басталғалы-бері 31 мың украин әскері қаза тапқан.

1708939687287194.jpg

«Әрбір адам - біз үшін үлкен шығын. Бұл соғыста 31 мың украин әскері қаза тапты. Путин айтқандай, 300 мың немесе 150 мың емес. Бірақ әрбір шығын - біз үшін үлкен шығын. Ресей - 180 000 адамынан айырылды.  Ресейде қаза тапқандар мен жараланғандардың жалпы шығыны - 500 000-ға дейін жетеді», - деді Зеленский. Украинаның бұл айтқан адам шығындарына қарапайым халық арасында қаза тапқандар қосылмаған.

Киев жараланғандар мен хабар-ошарсыз жоғалғандардың санын ашып айтпады.

«Мен жараланғандардың санын айта алмаймын.  Себебі Ресей соғыстан қанша адам кеткенін білетін болады», - деп түсіндірді Зеленский. Ол сондай-ақ Украинаның 1 жауынгеріне Ресейдің 7 жауынгерінен айналып отырғанына тоқталды. «Украина Қарушы күштерінің кейбір терриориялардан шегінуінің себебі де осы», - деп атады Зеленский.

Желтоқсан айында Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу: «Украина армиясы қаза тапқандар мен жараланғандарды қоса, 383 мың адамынан айырылды», - деген болатын.

Өткен жылдың тамыз айында Ресей Қорғаныс министрлігі Қарулы Күштерге қарсы шабуыл кезінде маусым-шілде айларында 43 000-нан астам шығын болғанын хабарлаған болатын.

Зеленский АҚШ президенті сайлауынан кейін Украинадағы соғыстың бетбұрыс кезеңіне дайындалуға шақырды.

РЕСЕЙ НЕГЕ СОҒЫСТЫҢ 2 ЖЫЛДЫҒЫН ЕЛЕУСІЗ ҚАЛДЫРДЫ?

Ресей телевидениесі 24 ақпанда Украинадағы соғыстың екінші жылдығы туралы сөз қозғамады. Соғыстың екі жылы туралы жалғыз еске алу – Михаил Леонтьевтің «Время» бағдарламасында көрсетілгендей болды. Сөз Украинаның Гостомельіне Зеленскиймен кездесуге Батыс елдерінің көшбасшылары келгені туралы болды.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар