Қарабақтағы жаңа соғыс: Пашинян үш оттың ортасында қалды...

Қарабақ сепаратистері көшбасшыларының бірі, қазіргі уақытта Арменияда тұрып жатқан бұрынғы дала командирі Самвел Бабаян: «Ереван «Зангезур дәлізін» ашпаса, өңірде жаңа соғыс болмай қоймайды», - деп мәлімдеді.

1709640306954146.jpg

Оның айтуынша, соғыстан құтылудың және өңірлік көлік коммуникацияларынан тыс қалмаудың екі жолы бар. Армения қандай жолмен алға жылжығысы келетінін шешіп, оған өз саясатын құруы тиіс.

САМВЕЛ БАБАЯН ЖАҢА СОҒЫСТЫ БОЛЖАЙДЫ

Самвел Бабаянның пікірінше, бірінші жол - Армения Әзербайжанмен Нахчыванды Мегри арқылы жалғастыратын автомагистраль ашуы және бұл жолда Арменияның егемендігін сақтауы тиіс.

«Алайда бұл жағдайда Иранмен проблемалар туындайды. Тегеран жол ашылған жағдайда Әзербайжанға ықпал ету мүмкіндігі азаяды деп есептейді. Бүгін Баку Нахчыванға Иран арқылы кіре алады», - деді Бабаян.

Ол Армения премьер-министрі Никол Пашинянның «Бейбіт жол қиылысы» жобасы өңірдегі бейбітшілікке емес, соғысқа әкелетінін мәлімдеді.

Айта кету керек, Пашинян жобасына сәйкес, Армения Нахчыван мен Әзербайжанды байланыстыратын көлік коммуникацияларын ашады, сонымен қатар Әзербайжан аумағынан Иран және Ресеймен транзиттік қатынас алады.

1709640140129633.jpg

Пашинянның жобасын Батыс қолдаса да, Түркия мен Ресейді қоса алғанда, өңірдегі бірде-бір ел оған қызығушылық танытқан жоқ.

Самвел Бабаян Пашинянның «Бейбіт жол қиылысы» жобасының неге бейбітшілікке емес, соғысқа алып келетінін түсіндіріп, биыл Түркия Нахчыван шекарасына дейін 220 шақырымдық темір жол мен автомагистраль салуға тендер жариялағанын мәлімдеді.

«Әзербайжан Ресеймен шекараға дейін көлік коммуникацияларын қалпына келтірді, ал Ресей өз кезегінде Әзербайжанмен шекараға дейін жаңа автомагистраль салды. Сонымен қатар Әзербайжан темір жол мен Горадиз-Агбенд автожолының құрылысы аяқтауда.

Ереван Мегри арқылы жол ашқысы келмейді ғой. Ол Нахчыванмен қатынасу үшін Әзербайжанға Кафан, Сисиан, Зод немесе Дилижан арқылы жол ұсынады.

Әзербайжан біздің ұстанымымызды елемей, осы жолдардың құрылысын жалғастырып жатыр. Түркия өзінің әскери бюджетін 17 миллиард доллардан 43 миллиард долларға дейін, ал Әзербайжан әскери шығындарын 6 миллиард манатқа дейін арттырды», - дейді Бабаян.

«Көкжиекте бейбітшілік көрінбейді және біз соғысқа қарай жылжып келеміз», - деп қосты Бабаян.

Ол Әзербайжан президентінің көмекшісі Нахчыванға сапардың «калининградтық» нұсқасын ұсынғанын еске салды. Бұл кедергісіз жүрудің бір нұсқасы.

Бабаянның пікірінше, Армения Мегри арқылы өтетін жол мәселесінде Әзербайжанға жол беріп, Иранның Нахчыванға ықпалын азайтуы мүмкін. Алайда, Бабаян Иран бұл жолды өзінің қызыл сызығы деп жариялап, өз ұстанымын Арменияның саяси басшылығына жеткізгенін еске салды.

Самвел Бабаянның пікірінше, келесі қадам - Иранды ренжітпеу және бұл жолды беруден бас тарту, бірақ бұл жағдайда армияны күшейтіп, Тегеран мен Мәскеумен ынтымақтастықты тереңдету қажет-мыс.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар