Киев: Біз басқа ту көтермейміз. Өз туымыздың астында өлеміз!

«Түйесі жоғалмағанның бәрі ақылды» деген Украинға қарата айтылғандай. Айтылғандай дегеніміз – Рим папасының Украинаны Ресеймен келіссөз үстеліне отыруға шақыруы болды.

1710150172582230.jpg

Айта кетейік, қазір Украинада 5 миллионға жуық грек-католиктер тұрады. Олар Рим папасы Францисктің ілесушілері.

Әлгінде ғана Түркия президенті Ердоған: «Украина мен Ресей келіссөз үстеліне отыруы керек. Біз арағайындық жасауға әзірміз», - деп сөйлеген еді. Бұл ұсыныстан Украина президенті Зеленский бас тартқан.  Ара көп өтпей, Рим папасы да Украинаны келіссөздерге шақырып: «Ақ жалау көтерулері керектігін» еске салды.

КИЕВ: БІЗДІҢ ЖАЛАУ – АҚ ЖАЛАУ ЕМЕС, КӨК-САРЫ ТҮСТІ ЖАЛАУ!

Рим папасының бұл айтқан «ақ жалау» туралы сөздеріне Киев өкпелі дауыспен үн қатты. «Біздің жалауымыз көк-сары түсті», - деді Киев. Киев құрбан болмас үшін «ақ ту» көтерген жөн деген понтификтің сөзіне жауап ретінде Украина күресті жалғастыруға ниетті екенін мәлімдеді.

Рим папасы Франциск өз мәлімдемесін швейцариялық «RSI» агенттігіне берген сұхбатында жасаған. Журналист: «Украинадағы кейбіреулер «ақ жалау» көтеруге келгенде батыл болуға шақырады. Бірақ басқалары «бұл күштінің құқығын заңдастырады» дейді. Бұл туралы не ойлайсыз?», - деп сұрайды.

1710149960358242.jpg

РИМ ПАПАСЫ: ЖАҒДАЙ БҰДАН ҚИЫН БОЛМАЙ ТҰРЫП, КЕЛІССӨЗГЕ ОТЫРҒАН ДҰРЫС!

Оған жауап ретінде Ватикан басшысы былай дейді: «Меніңше, жағдайды көретін, халық туралы ойлайтын адам үшін келіссөздер жүргізу үшін ақ туды көтеруде батылдық керек. Ақ туды батылдығы бар адам ғана көтере алады. Бүгінде сіз шетелдік державалардың көмегімен келіссөздер жүргізе аласыз. «Келіссөздер» деген сөз - батыл сөз. Жеңіліске ұшырағаныңызды, істің нашар жүріп жатқанын көргенде, келіссөздер жүргізуге батыл болуыңыз керек. Сіз ұяласыз, бірақ бұл қанша өліммен аяқталады?», - дейді.

Әрі қарай: «Келіссөздерді уақытында жүргізіңіз, қандай да бір делдал елді іздеңіз. Мысалы, бүгінде Украинадағы соғыста делдал болғысы келетіндер көп. Түркия өзін ұсынды. Және басқалары. Жағдайыңыз бұдан да жаман болмай тұрып, келіссөз жүргізуден ұялмаңыз» , - деп қосты Франциск.

1710150003976923.jpg

ТҮРКИЯНЫҢ ДЕЛДАЛДЫҒЫ. ЗЕЛЕНСКИЙ НЕ ДЕДІ?

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Украина президенті Владимир Зеленскиймен Ыстамбулдағы кездесуінен кейін соғысты тоқтату үшін Ресейдің қатысуымен бейбіт саммит өткізуді ұсынды.

Зеленский бейбітшілікті қалайтынын, бірақ басып алынған аумақтарды Ресейге беруге дайын еместігін мәлімдеді. Зеленскийдің бейбіт жоспары - Ресей әскерлерін Украинаның барлық аумағынан шығаруды және шекараны қалпына келтіруді көздейді. Кремль Киев ұсынған шарттармен бейбіт келіссөздерге қатысудан бас тартты.

ВАТИКАН НЕ ДЕП АҚТАЛДЫ?

Рим папасы Францисктің сөздері Киевте және басқа да Еуропа елдерінде қатты реакция тудырған соң, Ватикан түсіндірме жасады. Оның баспасөз қызметі понтифик Украина үшін бейбітшілік пен қақтығысты дипломатиялық жолмен шешуді қалайтынын, ал «ақ ту» деген сөзді сұрақ қойған журналист ұсынған бейне ретінде пайдаланғанын мәлімдеді.

Бұрындары Франциск Украинадағы соғысты тоқтату үшін бірнеше рет бейбіт келіссөздер жүргізуге шақырған, бірақ ол бұған дейін «ақ ту» немесе Киевті жеңу мүмкіндігі туралы айтқан емес.

РИМ ПАПАСЫ ИЗРАИЛЬ-ХАМАС ТУРАЛЫ: КЕЛІССӨЗ - КАПИТУЛЯЦИЯ ЕМЕС!

Сұхбаттың басқа бөлігінде, Израиль мен ХАМАС арасындағы соғыс туралы айтқан кезде, Франциск: «Келіссөздер - бұл капитуляция емес», - деді. «Бұл - елді өзіне-өзі қол жұмсауға жеткізбеу ерлігі», - деді ол.

1710149983661492.jpg

КИЕВ РЕАКЦИЯСЫ: БІЗ БАСҚА ТУ КӨТЕРМЕЙМІЗ. ӨЗ ТУЫМЫЗДЫҢ АСТЫНДА ӨЛЕМІЗ!

Украинаның Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Х (бұрынғы твиттер) желісінде: «Жақсылық пен жамандықтың арасындағы күресте оны келіссөздер деп атай отырып, оларды теңестіруге тырыспайтын адам бәрінен күштірек», - деп жазды.

Кулеба сондай-ақ Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі папа Пий нацистердің еврейлерді жаппай өлтіргенін білгенін, бірақ ештеңе жасамағанын, сол кездегі Ватиканның ұстанымын да атап өтті.

«Тарихи қателіктерді қайталамауға және өз өмірі үшін әділ күресте Украина мен оның халқын дәйекті түрде қолдауға шақырамын. Біздің туымыз - көк-сары. Оның астында біз өмір сүреміз, өлеміз және жеңеміз. Біз басқа ту көтермейміз», - деп жазды Кулеба.

Украина СІМ басшысы сондай-ақ Францискке «бейбітшілік үшін ұдайы дұға жасағаны үшін» алғысын білдіріп, «Еуропаның жүрегіндегі екі жылдық қиратушы соғыстан кейін ол миллионнан астам украин-католиктерді, бес миллионнан астам грек-католиктерді, барлық христиандарды және барлық украиндықтарды қолдау үшін Украинаға апостолдық сапарын жүзеге асыруға мүмкіндік табатынына» сенім білдірді.

Украина президенті Владимир Зеленский Францисктің мәлімдемесін тікелей атаған жоқ. Бірақ ол ресейлік агрессияның бүкіл Еуропаға таралмайтыны туралы айтқан кезде, «оларды қолында қаруы бар және көк-сары жалауы бар украиндар мен украиндар ұстап отырғаны» туралы айтқан болатын.

«Украинада бір кездері үйлер мен шіркеулердің ақ қабырғалары көп болған, олар қазір ресейлік снарядтармен күйдірілген және сынған. Бұл соғысты тоқтату үшін кімнің тоқтауы керектігін көрсетеді», - деді Зеленский.

РИМ ПАПАСЫ РЕСЕЙ ХАЛҚЫНА: СІЗДЕРГЕ ОРЫС БОЛҒЫЛАРЫҢ КЕЛГЕНІ ҮШІН РАХМЕТ!

Францисктің сөздері Украинада алғаш рет наразылық тудырып отырған жоқ. Өткен жылдың тамыз айында католик жастарының Бүкілресейлік кездесуіне қатысушылар алдында видео арқылы сөз сөйлеген Рим папасы: «Сіздер Ресейдің ұлы анасының, ұлы елдің, оның тарихының, оның қасиетті адамдарының, оның ұлы мәдениет қайраткерлерінің мұрагерлері екеніңізді ұмытпаңыз. Сіздер ұлы Ресейдің мұрагерлерісіздер, сондықтан – сіздерге орыс болуды қалай білетініңізге рахмет. Бұл мұраны сақтаңдар», - деген.

Ол кезде Украина Рим папасын «империалистік насихат жасап жатыр» деп айыптап, мәлімдеме жасаған. Осыдан кейін Франциск өзінің ресейлік империализм емес, орыс мәдениеті туралы айтқанын айтып ақталған.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар