Лукашенко кіммен соғыспақ? «Еуропа соғыс алдында тұр»

Беларусь президенті Александр Лукашкенко «соғысқа даярланып» жатқанын мәлімдеді.

1712150190383764.jpg

Лукашенко: «Бізді соғысқысы келеді дейді. Сенбеңдер! Бірақ, біз соғысқа дайындалып жатырмыз! Оны жасырмай, ашық айтып отырмыз!.. Соғысқа дайындалу - соғысқысы келеді деген сөз емес. «Бейбітшілікті қаласаң соғысқа дайындал»,- деген сөз бар... Оны мен ойлап тапқан жоқпын», - деді.

Еуропалық одақ басшылары Беларусь президенті Лукашенконың «соғысқа даярлық» туралы сөздеріне жауап берді:

1712149903381746.jpg

ЕО: СОҒЫСТАН АРТЫ ҚУЫС ЛЕКАШЕНКО ҚОРЫҚСЫН!

«Еуропа одағы соғыс жүргізіп жатқан жоқ! Сондықтан ЕО-дан ешкімнің қорқатын жөні жоқ! Қорықса демократия мен адам құқықтары туралы Халықаралық ережелерді өрескел бұзу арқылы абырой жинағысы келетін қуыстар қорықсын!», - Еурокомисия спикері Петер Стано.

Ол сондай-ақ, ЕО Лукашенконы «Беларусьтің заңды президенті» деп мойындамайтынын айтты.

«Лукашенко Путинмен тең, Украинаға қарсы агрессияның сыбайласы», - деді Стано.

Дейтұра ЕО сақтық үшін Путин мен Лукашенко даярлап жатқан қауіп-қатерге даярланып жатыр.

«Біз Украинаға қарсы толық ауқымды соғыс басталған алғашқы күннен-ақ, сақтық пен қауіпсіздік шараларын қамдап отырмыз. ЕО ПутинменЛукашенко секілді адамдардан келетін кез келген агрессияға сақадай сай болуы керек», - деді Стано мырза.

1712149940834612.jpg

ТУСК: ЕУРОПА СОҒЫС АЛДЫ КЕЗЕҢІНДЕ ТҰР!

Ал Польша премьері Доналд Туск Еуропаның «соғыс алды кезеңіне» кеп тұрғанын мәлімдеді. Польша премьер-министрі Доналд Туск еуропалық бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында Еуропа құрлығындағы ахуалдың қазіргі дамуы туралы өз пікірімен бөлісті.

«Еуропа «соғыс алды дәуіріне» кірді», - деп мәлімдеді Туск. Оның пікірінше, егер Ресей Украинаны жеңсе, Еуропада ешкім де өзін қауіпсіз сезінбейді!

Поляк премьері: «Бұл соғыста өткенге қатысты түсінік жоқ. Ол шын және ол екі жыл бұрын басталған», - деді Туск.

Польша премьерінің мәлімдемесі Ресей Украинадағы энергетикалық нысандарды зымырандар мен дрондарды қолданып, тағы да жаппай атқылаған күні жасалды. Кейбір зымырандар Польшамен шекаралас Львов облысындағы нысандарға бағытталған.  Польша әскери қолбасшылығы Ресей соққысы кезінде Польша және НАТО елдерінің әуе күштерінің ұшақтары әуеге көтерілгенін хабарлады.

ТУСК: ПУТИН ТЕРРОРҒА УКРАИНАНЫ АЙЫПТАП, ӨЗІН АҚТАҒЫСЫ КЕЛЕДІ!

Туск сондай-ақ, ресейлік биліктің: «Крокустағы» қанқасапқа Украина билігінің қатысы бар», - деген мәлімдемесіне түсініктеме берді.

«Ресей президенті Владимир Путиннің бұл қанқасапқа киевті айыптауы – оның «Украинадағы азаматтық нысандарға жасалған қатыгез шабуылдарды ақтауға деген ниетін айғақтайды», - деп деді Польша премьер-министрі.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар