Ресейдегі саяси-ақпараттық кеңестік НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенбергтің жуырдағы Оңтүстік Қапқаз мемлекеттеріне сапарын ызу-қызу талқылап жатыр.
Ресейлік БАҚ-та: «НАТО Ресей теңіз күштерінің Қара теңіздегі базаларына «қосымша соққы» жасау үшін Грузияда өз базасын құруды жоспарлап отыр», - деген тезис айтылуда.
Қазіргі таңда Ресейдің Қара теңіз флоты НАТО-ның күш салуынсыз-ақ, өзінің жауынгерлік әлеуетін айтарлықтай дәрежеде жоғалтқан. Украина ҚК, Сыртқы барлау қызметтері жүргізіп жатқан сәтті операциялар, өзұшар дрондар мен ӘҚК зымырандарының дөп соққылары РФ Қара теңіз флотындағы кемелердің үштен-бірін суға батырды. Батпағаны, істен шықты. Ал Ресейдің әскери басшылығы Қара теңіз флотының қалған кемелерін (бір бөлігін) Украина соққыларынан қорғау үшін Грузиядан тартып алынған Абхазиядағы Ресейдің әскери-теңіз күштеріне деп салынып жатқан базаға көшірді.
НАТО ГҮРЖІСТАН АРҚЫЛЫ РЕСЕЙГЕ СОҚҚЫ БЕРМЕК
Ресейдегі сала-құлаш сарапшылардың едәуір бөлігі: «Столтенбергтің жуырда Гүржістанға сапарлап баруының басты себебі – НАТО Ресейдің Қара теңіздегі флотына соққы беру үшін арнайы орын даяндап жатыр», - деп сөйлейді.
Грузия билігі қазір «Гүржі арманы» дейтін саяси ұстанымы кереғар партияның қолында десек те, Оңтүстік Қапқаздың осы бір мемлекеті НАТО-мен тығыз байланыс орнатқан мемлекет. Грузия НАТО-ға мүше болуға ұмтылғаны да рас. Және Столтенбергтің Тбилисиде жасаған мәлімдемелеріне көз жүгіртіп, құлақ түрсек, мұндай перспектива әлі де болса жоқ емес.
Бұл туралы Ресейлік пропоганда не дейді? Қараңыз:
«Игорь Прокопенкомен әскери құпия» бағдарламасы: «НАТО Бас хатшысының сапары – Украинадағы сияқты, Грузияны Ресеймен қақтығысқа тартуға»бағытталған», - деп таратты.
«Столтенберг Қапқазға сапарды аймақтағы қарым-қатынастарды шиеленістіру жасады. Ол Грузияның Ресейге қарай жылжып бара жатқанын көріп отыр. Демек, оны тағы да қақтығыстырып, Грузияның ішіндегі қандай да бір күштерге, онда бар экстремистерге Батыстық тапсырысты орындау үшін өз халқын өлтіруге келісті», - дейті тағы бір пропогандашы Андрей Бунич.
Ресейің «REN TV» арнасы: «АҚШ пен НАТО Грузияда база құруды, «Троян ізі» және «Ізгі әріптес» бірлескен оқу-жаттығуларын өткізуді, сондай-ақ Грузияның тұрақты армиясын жаңғыртуды жоспарлап отыр, оған Пентагон 50 миллион доллар бөлуге дайын», - деп шулауда.
Ресей Қаржы университетінің профессоры Марина Галас дейтін адам: «Сөзсіз, Грузия - Орта Азия аумағында, одан әрі Иранға дейін НАТО елдерінің демократиясы мен экономикасын тарату үшін маңызды катализатор», - дейді.
АРМЕНИЯДАҒЫ АҚШ «БЕКІНІСІ»: РЕСЕЙ ҚЫСПАҚҚА ТҮСТІ МЕ?
Ресейлік БАҚ: «Грузиямен бір мезгілде АҚШ Еревандағы елшілігінің аумағында «база» салуда, ол барлық американдық дипломатиялық өкілдіктердің арасында ауданы бойынша екінші болып табылады», - дейді.
Айтылған ақпаратқа зер салсақ, АҚШ-тың Еревандағы базасының аумағы 14 мың шаршы метрді құрайды.
«Елшілік аумағында қалыңдығы 50 сантиметр бетон қабырғалы бес ғимарат орналасқан. Оның 8-9 қабаты жер астына кетеді. Бұл Еревандағы АҚШ елшілігі емес, «бекініс». Ол америкалық теңіз жаяу әскерлерін орналастыруға арналған», - дейді Ресей.
Сонымен қатар, Румынияда НАТО-ның «Михаил Когельничану» базасы салынып жатыр. Сондай-ақ мұнда 10 мың солдатқа арналған әскери қалашық пайда болады, ал базаның өзі Солтүстік Атлант альянсының Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы әскерлерін басқару орталығына айналады.
«Әскери құпия» бағдарламасының мәліметінше, НАТО-ның «Михаил Когэлничану» базасы Ресей Федерациясы шекарасына НАТО әскерлерінің өтуі үшін базалық плацдармға айналуы мүмкін, оған Румыния, Молдова және Грузия армияларының 300 мыңға жуық әскери қызметшісі қатыса алады.
РЕСЕЙЛІК ПРОПОГАНДА СЦЕНАРИЙІ: БІЗ НАТОНЫ ҚАЛАЙ ҚИРАТАМЫЗ?
Ресейлік тележурналистердің айтуынша, шартты «Оңтүстік» деп аталатын операция румын-молдавиялық топтың Херсон облысына және одан әрі Қырымға Одесса дәлізі арқылы өтуінен басталуы мүмкін, ол жерден ресейлік әскерлердің позициялары жаппай әуе соққысына ұшырайды.
«Сондай-ақ, егер оқиғалар осындай сценарий бойынша дамитын болса, бір минуттан кейін НАТО тобы бойынша ондаған ресейлік «Калибрлер» мен «Қанжарлар» шығарылады, содан кейін Румынияның әскери порттары мен F-16 және F-35 ұшақтары бар «Михаил Когэлничану» қалашығы қиратылады. Ал 45 минуттан кейін Ресей Федерациясының Қара теңіз флоты құрамында «Калибр-ПЛ» интеграцияланған зымыран жүйелерімен қаруланған 40 жауынгерлік корабльдер мен жеті су асты кемесі бар топ бойынша «бақылау соққысын» жасайды», - дейді Ресей сарапшылары.
Mezgil.kz