«Украинадан соң -Қазақстан»: Гурулевтің дауысы тағы да дау турдырды: Қошанов пен Матвиенко үнсіз...

«Украинадан кейін кезек – қазақтарда. Шешім қабылданды». Кешелі-бері орыс тілді телеграм арналарда «Ресей думасының депутаты Андрей Гурулевтің осылай деді» деген аудио жазба таралып кетті.

1712403845169962.jpg

Таралған мәлеметтерге сүйенсек, Ресей Думасының депутаты Андрей Гурулев бұл хабарламаны МемДумадағы өз әріптестеріне жолдаған. Онда Ресей Украинадан соң Қазақстанға соғыс ашатыны туралы шешім қабылданғаны айтылады.

1712403291343588.jpg

(Сурет: Телеграм скриншоты)

Сөзбе-сөз:  «Украинаға қарап, тойып алған қазақтар келесі біз деп ашуланып отыр. Олар – келесі болады. Олардың ойындары осылады. Мұндай шешім қабылданып қойған деп ойлаймын», - дейді аудио жазбадағы дауыс иесі.

Ал бүгін Ресейдің сол «соғыс тілеген» депутаты: «Бұл сөздерді мен айтқан жоқпын», - деп ақталып мәлімдеме жасапты. Оның сөзінше, бұл Украинаның ісі. Ресей мен Қазақстанды шағыстыру үшін жасалған-мыс. Бүйдейді:

«Бүгін әртүрлі күресінді телеграм арналарда жаудың «Ципсошниктері» (Украинаның ақпараттық-психологиялық операциялар орталығының) бізді Қазақстан Республикасындағы достарымызбен шағыстыруға әрекет етті. Бірақ – бұл фейк (өтірік). Бұл дөрекілік. Мен қазір нейросетьтің кімнің болмасын даусы мен түрін келтіріп, жасай алатынын жақсы түсінемін. Сондықтан, сіздерді сақ болуға шақырамын. Қазақстан – біздің досымыз. Бізді ешкіммен ұрыстыра алмайды», - дейді депутат Андрей Гурулев.

1712403354660846.jpg

(Сурет РФ Думасы сайтынан алынды)

ГУРУЛЕВ ДЕГЕН КІМ?

Бұл Гурулевті қазақ қоғамы танып қалды. Ресей Думасында дәудей депутат екенін біледі. Ресей президенті Путиннің «Единая Россия» дейтін партиясынан екененін, генерал-лейтенант дейтін әскері шені бар екенін жақсы біледі. Тіпті, ол Думада Қорғаныс істер жөніндегі комитетті тізгіндейтінін де естіген.

1712403519871381.jpg

(Сурет Ресейлік БАҚ скриншоты)

ГУРУЛЕВ ҚАЗАҚСТАНДЫ БІР АЙДА ЕКІ КЕЗЕК АРАНДАТТЫ

Білетін себебі мынау: осы аптада ғана Украина сыртқы һәм бас барлауы Татарстан жеріндегі екі маңызды нысанға соққы берді. Бірі - «Шахед» ұшқышсыз ұшақ жасайтын цех, екіншісі – Ресейдегі аса ірі Нижнекамск мұнай өңдеу зауыты бомбалық соққы алды.

Дәл осы генерал-депутат А.Гурулев деген «әскери стратег» «Украиналық ұшқышсыз ұшақтар Қазақстан жерінен ұшып шыққан» деген ешқандай дәлелі жоқ жала жапты.

Ол: «Ендігі біздің ісіміз Қазақстанмен болсын!», - деп қоқан-лоқы көрсетіп бақты. Оған Қазақстан: «Шындыққа сай келмейді», - деп сабырмен жауап берді. Ал, енді, одан кейін белгілі болғандай, Украина 1300 км қашықтыққа ұшатын бомбалағыш жанкешті-ұшақ жасап шыққандарын мәлімдеді. Ол, енді, Украина тарапынан кеңінен қолданыла бастайтын болады деп күтілуде.

Ендеше, «Татарстан соққысына» Қазақстанның қандай қатысы бар? Бірақ, А.Гурулев осы уақытқа дейін «мен қателесіппін» деп Қазақстаннан кешірім сұраған жоқ – сол баяғы «ұлыимпериялық шовинистік» қалыбында қалып қойды.

Шындығында Гурулев деген босөкпе біреу емес. Білдей Ресей Думасының депутаты. Онда да Қорғаныс комитетін басқаратын, әскери шенді адам. Егер федералды ауқымда лауазымға ие осындай сөздерді айтса, немесе айтты деген сөз тараса, Қазақстан тарабы оған қандай да бір реакция білдіруі тиіс-ақ!

1712403605413087.jpg

(Сурет РФ Федералды кеңесінен алынды)

ҚОШАНОВ НЕ ДЕП ЕДІ? МАТВИЕНКО НЕ ДЕП ЕДІ?

Естеріңізде болса, биыл наурыздың 12-сі күні ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Ресейге сапарлап қайтқан. Федералды кеңес төрайымы Валентина Матвиенкомен тілдескен Қошанов: «Орыс саясеткерлерінің ойсыз сөздері туралы талқы жасадық. Арандатушы әңгімелерді бірлесіп тыятын болдық», - деп келген.

Ал Гурулев Татарстанға жасалған шабуыл туралы Қазақстанды айыптағанда Қошанов та, Матвиенко да «ләм-мим» деген жоқ!

«Татарстанға шабуыл Қазақстанна жасалды», - деп Қазақстанды жау санаған Гурулев бүгін: «Қазақстан біздің досымыз. «Қазақстанмен соғысамыз» деген арандатуды мен айтқан жоқпын», - деп екі сөйлеп отыр. Ал Қошанов пен Матвиенко тағы үнсіз...

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар