«Орыс шіркеуі – терроршы ұйым». Эстония мен Ресей діни текетіреске көшті

Орыс православ шіркеуінің (ОПШ) соғысқа қатысты ұстанымы ресейлік басқыншылықтың алғашқы апталарында түсінікті болды.

1712915356405329.jpg

Патриарх Кирилл өзінің уағызында Украинада соғысып жатқан ресейлік сарбаздарға: «Күнәларыңның барлығы кешіріледі», - деп уәде беріп, басқыншылықты ақтады. Әлем жұртшылығы бұған мүлдем наразы.

«ОРЫС ШІРКЕУІ – ТЕРРОРШЫ ҰЙЫМ»

Эстонияның Ішкі істер министрі Лаури Ляэнеметс Рийгикоганы (парламент) «Орыс православ шіркеуін лаңкестік ұйым» деп тануға ұсыныс жасайтынын мәлімдеді.

«Егер параллель келтірсек, Батыс әлеміне, Батыс әлемінің құндылықтарына қарсы қасиетті соғыс жүргізіп отырмын деген ислам лаңкестері, бүгінде Мәскеуде әрекет ететін патриарх пен патриархаттың ислам лаңкестерінен айырмашылығы жоқ», - деді ол.

Оның айтуынша, «Мәскеу патриархаты Владимир Путинге тікелей бағынады, ол «әлемдегі лаңкестік әрекетке басшылық етеді».

Лаури Ляэнеметс: «ОПШ лаңкестік ұйым деп тану - шіркеулерге әсер етпейді және храмдар жабылады дегенді білдірмейді. Бірақ бұл ретте Мәскеумен байланыс үзіледі», - деп атап өтті.

ІІМ басшысының пікірінше, Мәскеуге бағыну-  Эстонияның қауіпсіздігіне қатер төндіреді.

Мәскеу патриархатының эстон православ шіркеуінің өкілі бұған дейін олар ОПШ-не тікелей бағынбайтынын және Мәскеуде Ресейдің Украинаға қарсы соғысын қолдайтыны үшін жауап бере алмайтынын айтқан болатын.

МӘСКЕУДІҢ ЖАУАБЫ: ЭСТОНИЯ ДІНИ СОҒЫСТЫ ҚАЛАЙДЫ

Мәскеу патриархатының шіркеу мен қоғам және БАҚ қарым-қатынасы жөніндегі синодалды бөлімінің басшысы Владимир Легойда: «ОПШ-ны лаңкестік ұйым деп тану ұсынысы Эстонияны «діни соғыстардың, Варфоломей түнінің және сиқыршылар аңшылығының қараңғы кезеңдеріне» қайтарады», - деп мәлімдеді.

Эстонияның православ шіркеуінің 100 мыңнан астам ізбасарлары бар. Қаңтар айында эстон билігі Орыс православ шіркеуі жергілікті митрополиясының басшысының (Валерий Решетников) Эстонияда тұру үшін ықтиярхатын ұзартудан бас тартты. Ол мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндіреді деп танылды. Бұған дейін Эстония Мәскеу және бүкіл Русь патриархы Кириллдің елге кіруіне тыйым салған болатын.

ҚАЗАҚСТАН ОПШ-НЫ БАҚЫЛАЙ МА?

Осыған дейін Украинадағы соғысты айыптаған қазақстандық діни қызметкер Иаков Воронцов қызметтен кетуге шешім қабылдаған еді. Оның айтуынша, ол Қазақстан митрополиялық округінің басшылығы тарапынан бір жылдан астам уақыт бойы қысымға ұшыраған. Ол: «Қазақстандағы ОПШ-ны Қазақстанның құзырлы органдары тексеруі тиіс», - деген ауанда пікір айтқан. 

Воронцов сондай-ақ қазақ тілінде қызмет еткен бірінші ОПШ діни қызметкері ретінде белгілі....

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар