Қытай ақпараттық соғыс армиясын құрды: «Қуатты армиямызға қуатты қолдау керек!»

Жасыратыны жоқ БҰҰ кірген 6 тілді тұтынушы мемлекеттер қазіргі ІТ заманында жалғанды жалпағынан басуда.

1713879046606726.jpg

(Сурет: 24tv.ua)

«Жалғанды жалпағынан басуда» дегенде айтпағымыз: «Ақпаратқа кім иелік етсе, сол әлемді билейді» деген саяси қанатты сөздің астарында жатқан өмір шындығы. Қазіргі көзі ашық қазақ араб, орыс, ағылшын және қытай БАҚ құрдымына түсе бастағаны да жасырын емес. Осы елдердің қайсында білім алдың, сол елдің сойылын қалай соққаныңды білмей қаласың деген осы.

ҚЫТАЙ АҚПАРАТТЫҚ СОҒЫС АРМИЯСЫН ҚҰРДЫ

Қазір осы 6 тілдің егелері өздеріне тәуелді елдерге өз интернет құлдануын жүргізе бастады. Бұрын бұл залымдық астыртын жүргізілсе, енді олар бәрін жиып қойып, ашық бел сыбана кірісті. Соның жарқын мысалы - Қазақ билігі «Тик-Токпен күресеміз бе» деп жатқанда Қытай ақпараттық соғыс армиясын құрып үлгерді.

«The Insider»: «Қытай армиясында ақпараттық операцияларға жауапты әскер пайда болады»,- деп жазды. Енді осыған ой жүгіртіп көрейік.

19 сәуірде Бейжіңнің Байи ауданында Қытай Халық-азаттық армиясын ақпараттық қолдау күштерінің Құрылтай конференциясы өтті. Отырысқа Қытай Коммунистік партиясы Саяси бюросының мүшесі және Орталық әскери кеңес төрағасының орынбасары Хэ Вэйдун төрағалық етті.

Құрылтай конференциясында Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы, Мемлекет Президенті және Орталық әскери кеңестің төрағасы Си Цзиньпин Ақпараттық қолдау күштеріне армия туын тапсырып, Партияның Орталық комитеті мен Орталық әскери комиссиясы атынан ол Ақпараттық қолдау күштерінің барлық офицерлері мен сарбаздарын жылы лебізбен құттықтады.

СИ: ЖАҢА ДӘУІРДЕ ҚУАТТЫ АРМИЯ МЕН ОНЫ АҚПАРАТТЫҚ ҚОЛДАУ АРМИЯСЫ КЕРЕК!

Төраға Си Цзиньпин жаңа дәуірде күшті армия идеясын іске асыру, жаңа дәуірдің стратегиялық әскери саясатын іске асыру, армияның саяси құрылысын ұстану, күшті армияны, ғылым мен технологияны реформалау қажеттігін атап өтіп:

«Күшті армия әскерді басқару, жүйелі ықпалдастық пен жаһандық қолдаудың стратегиялық талаптарына сәйкес соғысқа дайындыққа ден қойып, алға ілгерілеу, біртұтас жұмыс істеу және ақпараттық қолдаудың қуатты қазіргі заманғы күштерін құруға ұмтылуға тиіс», - дегенінен көп нәрсені аңғаруға болады.

Ақпараттық қамтамасыз ету күштерін түзету мен қалыптастыру партияның Орталық комитеті мен Орталық әскери комиссияның әскери өнеркәсіпті нығайту тұрғысынан қабылдаған маңызды шешімі болып табылып отырғаны жай емес. Осы бір жаңа үлгідегі қару-жарақтың құрылымы мен құрамдастығын құру және қытайлық ерекшеліктері бар қазіргі заманғы әскери қуат жүйесін жетілдіру жөніндегі стратегиялық бастама өмірге келіп, шындап қолға алына бастады.

Жаңа стратегиялық бастама ұлттық қорғаныс пен армияны жаңғыртуды жеделдетуге және жаңа дәуірде халық армиясының миссиясы мен міндеттерін тиімді орындауға елеулі әрі алыс әсерін тигізетін Орталық Азия бұл талпыныстан тысқары қалмайтыны айтпаса да түсінікті.

1713878146501713.jpg

(Сурет: nhk.or.jp)

ТӨРАҒА СИ НЕ ДЕДІ?

«Біз операцияларды табанды түрде қолдауға, ақпараттық үстемдікті және бірлескен жеңісті ұстануға, ақпараттық байланыстарды бұғаттауға, ақпараттық ресурстарды ықпалдастыруға, ақпаратты қорғауды күшейтуге, жалпыәскери біріккен жауынгерлік жүйеге терең кірігуге, ақпараттық қолдауды дәл әрі тиімді жүзеге асыруға және барлық бағыттар мен салаларда әскери күресті қамтамасыз етуге қызмет етуге тиіспіз.

Біз инновациялар мен дамуды жеделдетуге, жауынгерлік қажеттіліктерді қанағаттандырудың іргелі қағидаттарын ұстануға, жүйелі үйлестіруді нығайтуға, бірлескен құрылыс пен ақпарат алмасуды көтермелеуге, ғылыми және технологиялық инновацияларды нығайтуға, қазіргі заманғы соғыс талаптарына жауап беретін және біздің армиямыздың сипаттамаларына ие желілік ақпараттық жүйені құруға және жоғары сапалы жүйенің жауынгерлік мүмкіндіктерін жеделдетіп жақсартуға ықпал етуге тиіспіз», - деді.

1713878767278317.jpg

(Сурет: nhk.or.jp)

АҚПАРАТТЫҚ ҚОЛДАУ КҮШТЕРІН ҚҰРУ ТУРАЛЫ БҰЙРЫҚ

Құрылтай жиналысында Қытай Коммунистік партиясы Саяси бюросының мүшесі және Орталық әскери кеңес төрағасының орынбасары Чжан Юся Си Цзиньпин шығарған Ақпараттық қолдау күштерін құру туралы Орталық әскери кеңестің бұйрығын, Ақпараттық қолдау күштерінің басшылық тобының мүшелерін тағайындау туралы бұйрықты және парткомның Тұрақты комитетінің құрамы туралы хабарламаны оқыды.

Осыдан соң: «ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің бұйрығымен Қытай армиясында Ақпараттық қолдау күштерінің жаңа түрі құрылады», - деп хабарлады үкімет сайты.

Олар осыдан тоғыз жыл бұрын құрылған Стратегиялық қолдау күштерінің негізінде пайда болады. Сондай-ақ, олардан тағы екі әскер түрі бөлінеді: кибернетикалық және аэроғарыш күштері, олар Ақпараттық қолдау күштерімен қатар әрекет ететін болады.

Си Цзиньпин атап өткендей, Ақпараттық қолдау күштері «кибер форматтық жүйені құру мен пайдалануды үйлестіруде негізгі қолдау көрсетеді».

«Bloomberg»: «Бұл өзгерістер 2015 жылдан бері Қытай армиясындағы ең ірі қайта құру болып табылады», - деп жазады. Бұл әлемдік ықпалы үшін АҚШ-пен бәсекелестік аясында, сондай-ақ Қытай билігінің Батыс елдерін кибершабуылдарға айыптауы аясында болып отыр.

Сарапшылардың айтуынша, бұл өзгерістер Қытай қарулы күштерінің ақпараттық құрамдас бөлігі маңызды рөл атқаратын соғысқа дайындығын арттыруға бағытталған. Әскери саладағы ауқымды тазатудан кейінгі ҚХР тамырына қан жүгіртудің жаңа қадамы - Қытай армиясында ақпараттық операцияларға жауапты әскер тегінің нақты өмірге келгені болып табылады. Енді бүкіл әлем АҚШ бұған қалай жауап қатпақшы деп күтіп отырған жайы бар.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар