Ұрыс-соғыс әлемі: Зымыранның әлегі

Ресей әскері Харьков бағытындағы шабуылын үдете түсті. Харьков облысының Ресеймен шекаралас аймағындағы 6 елді-мекенді оккупациялаған Ресей әскері, Волчанск қалашығына жақындап, ұрыс салуда. Украина қорғаныс министрлігі жағдайдың қиын екенін мәлімдеді.


Генштаб Украины - Россия атаковала Украину с помощью 40 дронов типа "Шахед"  - 1TV

 

Сарапшылар Украина әскері үшін алдағы екі ай қиын ұрыстарға толы болатынын болжауда. Батыс тарапынан берілетін артиллерия, зымыран және әуе қорғаныс жүйелері екі айдың ішінде келіп жетпек. Бұл аралықта Украина әскері үшін снаряд және зымыран тапшылығы басты мәселе болып қала бермек.

 

Wall Street Journal басылымы Украина әскерінің соңғы айларда ресейлік зымырандарды қағып түсіру көрсеткішінің нашарлағанын анықтады. Алты айдың ішінде Украина әскері Ресей зымырандарын қағып түсіру көрсеткіші 73%-дан 46%-ға дейін азайған. Алайда «Шахед» зымырандарын қағып түсіру көрсеткіші бір пайызға ғана азайып, 82% көрсеткіште тұр.

 

Ресейлік зымырандарды қағып түсіру көрсеткішінің азаюын бірнеше себеппен түсіндіруге болады. Ресей гипердыбысты зымырандарды шабуыл барысында қолдануды арттырған. Ресей Украинаға жеткізілген Әуе қорғаныс жүйелерінің бірқатарын істен шығара білген, ал соңғы уақытта Киевке берілген Әуе қорғаныс жүйелерінің саны тым аз және шығынның орнын толтыра алмайды. Киев үшін басты мәселе «Patriot» әуе қорғаныс жүйелеріне арналған зымырандардың азаюы болып отыр.

 

Ресей зымыран және дрон шабуылының санын арттырған. Соңғы алты айда мұндай шабуылдар саны 45%-ға артқан. Ресей әскері соңғы алты айда Украинаға 2628 дана «Шахед» дронымен шабуыл жасап, Украина қалаларын 114 баллистикалық зымыранмен, 46 гипердыбысты зымыранмен атқылаған. Ресей әскері Украина аумағын модернизацияланған С-300 және С-400 Әуе қорғаныс жүйесінің зымырандарымен де атқылауда.

 

Украина әскері баллистикалық зымырандарды қағып түсіруде қиындық көруде. Соңғы алты айда бар болғаны атылған баллистикалық зымыранның 10%-ын қағып түсірген. Киев Х-555 қанатты зымырандарын атып түсіру көрсеткішін жақсартқан. Украина барлау қызметінің мәліметінше Ресей қару өндіріс саласы айына 170 зымыран шығаруға қабілетті. Шабуылдардың санын арттыру үшін Мәскеу Солтүстік Кореядан зымыран, ал Ираннан дрондарды алуда.

 

WSJ басылымының болжамынша, алдағы екі ай Украина әскері үшін қиындықтар мен сынақтарға толы болмақ. Сарапшылар маусымның орта шегінде Украинаға Әуе қорғаныс жүйелері, зымырандар мен артиллериялық снарядтар келе бастайтынын айтуда.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар