Қазақстан ОА-да дрон өндірісінің көшбасшысы бола ала ма?

ҚР Өндіріс және құрылыс вице-министрі Азамат Бейіспеков Оңтүстік Корейлік БАҚ-қа сұхбат беріп, Қазақстан мен Оңтүстік Корей арасындағы қарым-қатынастарға тоқталған.

1715694684612338.jpg

Оңтүстік Корейлік «The Korea Herald-қа» берген сұхбатында, вице-министр Азамат Бейіспеков: «Қазақстан дрон өндірісінде Оңтүстік Корейдің технологияларына сенім артады. Бұл технология Қазақстанды Орталық Азиядағы дрон өндірісі бойынша көшбасшы ете алады», - дейді.

«The Korea Herald-тың» жазуынша, вице-министр Бейіспеков өзұшар дрондардың мұнай-газ өндірісін дамытудағы, ауыл шаруашылығын дамытудағы және жол қауіпсіздігі саласындағы маңызы ерекше екенін атап өткен.

Бейсіпековтің сөзінше, Қазақстанның өзұшар дрондар өндірісі бойынша әріптестіктегі стратегиялық таңдауы Оңтүстік Корейге түсіп отыр. Себебі, Оңтүстік Корейдің өзұшар дрон өндірісі әлемдегі озықтардың бірі.

Бұл тұста ескере кететін жайт: Әңгіме тек Қазақстанның Оңтүстік Корейден өзұшар дрондарды сатып алуында ғана емес, әңгіме өзара кең ауқымда тәжірбие алмасуда әрі бұл бағыттағы әріптестікті тереңдетуде болып отыр.

«The Korea Herald»: «Өндіріс саласының сарапшыларының пікірінше, Қазақстанның кең территориясы өзұшар дрондарды тұрмыстың түрлі саласында пайдалануға және Қазақстанды ОА-дағы дрон өндірісінің жетекшісі етуге мүмкіндік береді. Соның ішінде орман шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, энергетика саласы, құтқару қызметтері мен қорғаныс салаларында пайдалануға потенциал бар. Оңтүстік Корей қуатты сауда байланыстары бар мемлекет. Ал Қазақстан әлеуетті нарық», - деп жазады.

Ал вице-министр Бейіспеков: «ОА-да Оңтүсрік Корей технологиясы бойынша дрон өндірісіне сұраныс артып келеді. Сол себепті Оңтүстік Корейлік компаниялар әлеуетті нарыққа кірудің жолын іздеуде. Бұл тұрғыдан Қазақстан барынша дайын. Біз мамандар даярлауға кірісіп кеттік. Құқықтық нормаларды да ретке келтірудеміз. Петропавлда өрт сөндіруге арналған дрондар шығаруды бастап та кеттік.

Оның үстіне, Қазақстанның ОА-дағы басқа мемлекеттер секілді әскер дрондары бар. Біз бұл дрондарды бейбіт мақсатта пайдаланамыз. Біз әскери дрондарды өз қорғанысымыз үшін ғана шығарғымыз келеді», - дейді.

Оңтүстік Корейге 3 күндік сапармен барған Қазақстанның Өндіріс және құрылыс министрлігінің өкілдері Оңтүсік Корей үкіметімен, ірі компнаниялар және ЖОО-ларда болып, маңызды келісімдер жасап қайтқан. Соның бірі – Оңтүсрік Корей технологиясы бойынша дрон өндірісін қолға алу болса, екіншісі – Қазақстанда дрон өндірісі факультеті ашу. Оңтүстік Корейдің Жей университетінің көмегімен Қазақстанға үшінші дрон өндірісі факультеті ашылады. Онда Оңтүсрік Корей профессорлары дәріс бермек.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар