Ресей тыңшылары қаптады: Балтық елдері мен Польша дабыл қағуда. ОА қаперсіз болмауы керек!

Ресейдің КСРО-дан қалған керемет мұрасы – қарсы барлау һәм шетелдердегі тыңшылардың әрекетін бір орталықтан үйлестіре білу болып табылады.

1716295858745142.jpg

Орыс барлауының ізі мен исі шыққан оқиғалар күнде болмаса да айына бір рет әлемдік БАҚ-ты бір дүрліктіріп тұрады. Сондай жаңалықтардың бірі:

Польшада «Ресей арнаулы қызметтерінің тапсырысы бойынша диверсия жасамақ болды» деген айып бойынша 9 адам тұтқындалды.

1716295519872793.jpg

(Сурет: rbc.ua)

РЕСЕЙГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН: ПОЛЬША 9 ДИВЕРСАНТТЫ ҰСТАДЫ

Бұл туралы Польша премьер-министрі Доналд Туск хабарлады.

Премьердің айтуынша, әңгіме жалдамалылар туралы болып отыр. Олардың кейбіреулері - «криминалдық әлемнен шыққан адамдар». Тұтқындалғандардың арасында Украина, Беларусь және Польша азаматтары да бар.

Бұған дейін Польша президенті Анджей Дуда соңғы уақыттары Польша аумағында бірнеше күрделі өрт орын алғанын, және ол өрттен қасақана өртелген болуы мүмкін екенін айтқан болатын. Оның пікірінше: «Бұл - Ресей тарапынан жасалған, Польшадағы жағдайды тұрақсыздандыру әрекеті болуы мүмкін».

Ресейлік тыңшылардың диверсиясы туралы айыптауға премьер-министр Доналд Туск Вроцлавтағы бояу өндіретін зауытты өртеу әрекетін мысал ретінде келтірді. «Бұл өртке ресейлік арнайы қызметтер тапсырыс бергені даусыз», - деп атады. Премьер Туск мұндай диверсиялар Литва, Латвия және Швецияда жасалып жатқанын һәм жоспарланғанын және қосты.

Жоғарыда айттық орыс барлауының тұмсығын тықпайтын, тырнағын батырмайтын жер де, ел де жоқ деп. Енді, Ресей арнайы қызметі осыған дейін не істеді? Соны сөз ете кетейік...

1716295632330897.jpg

(Сурет: uatv.ua)

БАЛТЫҚ ЕЛДЕРІНІҢ АРНАЙЫ ОПЕРАЦИЯСЫ: МӘСКЕУ ТЫҢШЫЛАРЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ

Балтық елдері - Эстония, Латвия және Литваның құқық қорғау органдары өз мемлекеттерінің аумағында ресейлік арнаулы қызметтердің тапсырмасы бойынша әрекет ететін азаматтарды анықтау бойынша бірлескен операция жүргізді. Литваның Мемлекеттік қауіпсіздік департаменті болжанған тыңшылардың ұсталғаны туралы хабарлады.

«Литва, Латвия және Эстония қауіпсіздік органдарының ынтымақтастығы аясында Латвия мен Эстонияда РФ арнаулы қызметтерінің тапсырмасы бойынша жасалған қылмыстық әрекеттерге күдікті адамдар ұсталды», - делінген ведомство сайтында.

Эстонияда ұсталғандар: «Мемлекеттік қауіпсіздікке қарсы бағытталған әрекеттерге күдікті», - дейді құзырлы департамент.

Латвияда: «Күдіктілер ресейлік арнаулы қызметтерге мемлекетке қарсы істерде жәрдемдескен», - дейді.

Литваның мәліметінше: «Күдіктілердің бір бөлігі - ресейліктер, кейбіреулерінің қос азаматтығы бар. Оларды тұтқындау 2023 жылдың желтоқсанында басталды», - дейді. Литва сондай-ақ, Мәскеуді: «Насихат, дезинформация тарату және түрлі сипаттағы заңнаманы мақсатты түрде бұзу операцияларына жауапты», - деп атады.

Литва сонымен қатар: «Ресейдің экономикалық ынтымақтастықты қалпына келтіру жоспары – біз үшін қорқынышты қатер», - деп мәлімдеді. Ал Литваның сыртқы саясаттағы басты жаулары тізімінде: Ресей, Беларусь пен Қытай тұр. «Ресейдің, Беларусьтің немесе Қытайдың барлау және мемлекеттік қауіпсіздік қызметтері Литва азаматтарын жұмысқа алуға тырысуда. Бірақ бұл әрекеттерінің бірде-біреуі сәтті аяқталуда», - дейді Литва Мемлекетітк қауіпсіздік қызметі.

Біз тек Ресейдің Балтық елдеріне ғана жасаған тыңшылық әрекеттерін ғана сөз еттік. Ал, Орталық Азияда Ресейдің қаншама «ұйқыдағы жансызы» бар екенін бір Құдайдың өзі ғана біледі.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар