Ресей премьері наразы: Аты Volga, заты Changan!

Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин ресейлік жаңа көлік түрлерімен танысты. Премьерге Volga маркасының жаңа модельдерін таныстыру рәсімі өтті. Ресейде соңғы рет аталмыш көлік маркасы 2010 жылы шығарылған еді, содан бері 14 жыл уақыт өтті. Үкімет басшысы Новгородта өткен «Өндіріс жолындағы Ресейдің цифрлық индустриясы» атты көрмеге арнайы келген болатын. Таныстырылым барысында премьер министр ресейлік автокөлік саласының дамуына көңілі толмайтынын айтты.


Руль китайский? Хочется, чтобы был российский»: Мишустину показали новую  «Волгу» (фото и видео)

 

Премьерге Volga маркасының үш моделі таныстырылды. Сарапшылар бұл маркалардың барлығы дерлік Қытайдың Changan маркасынан көшірілгенін жазуда. Volga C40 көлігі Changan Raeton Plus, Volga К40 көлігі Changan Aushan X5, ал Volga К30 көлігі Changan Uni-Z маркаларына ұқсайды және ішкі құрылымы да бірдей. Аталған маркалар Қытайда 1,5 млн рубль бағасында сатылуда.  

 

Мишустин көліктердің біріне отырып көрді. Ол автокөліктің қай бөлшегі Ресейде жасалғанын білмек болды.

 

«Міне рөл, көліктің есік тұтқасы, тағы басқа құралдар тұр...Мына рөл қайда жасалған? Қытайда ма? Рөлдің ресейлік болғанын қалар едім. Бұны жасау соншалықты қиын емес қой», - дейді премьер көлік жасаушыларға. Көлік жасаушылар «әзірге қытайдың өнімі тұр, жақында ресейлік өнім болады» деп жауап қатты.

 

Сарапшылар Volga маркасымен шығарылатын көліктердің бірнеше бөлшегі ғана Ресейде жасалатынын анықтады. Әзірге барлық маркаларға қуаттылығы 188 аттың күші бар Changan JL473ZQ7 қозғалтқышы қойылуда.

 

Ресей Volga маркасын 2024 жылы жаппай өндіріске жіберіп, 2025 жылдан бастап жаппай сатылымға шығармақ. Volga көліктерін Украина-Ресей соғысына дейін Volkswagen және Skoda көліктерін құрастырып келген зауытта жасайды. Әзірге марканы қайта жандандыруға 60 млрд рубль инвестиция құйылмақ. Ал Volga маркалары қандай бағамен сатылымға шығатыны әзірге белгісіз.

 

Ресейлік компаниялар Батыстың автокөлік концерндары кеткен соң, Қытай компанияларымен жаппай келісім жасасуда. Мысалы Ресей «Москвич» маркасын қайта шығару үшін Қытайдың JAC Motors компаниясымен келісімге қол қойды.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар