Еревандағы ереуіл: Ресейшіл күштер Пашинянның соңына түсті

Бүгін Ереванда тағы да билікке қарсы ереуілдер өтіп жатыр. Ереуілдердің соңы полициямен қақтығысқа ұласты.

1717168798481781.jpg

Бұл ереуілдерді ұйымдастырған «Тавуш – Отан үшін» оппозициялық қозғалысының лидері, ресейшіл дін көсемі (архиепископ) – Баграт Галстанян. Ол осыған дейін Никол Пашинянның отставкаға кетуін талап еткен. Ал бүгін Армения Ішкі істер министрлігі ғимаратын күшпен басып алуға үндеді.

Осы қақтығыстар барысында ҰҚШҰ экс-бас хатшысы Юрий Хачатуровтың ұлы ұсталып, архиепископ Баграт Галстанян полицияға қауіп төндіріп, бірсыпыра үндеу жасады. Бұл туралы армян БАҚ-тары жазуда.

1717168627376462.jpg

(Сурет: verelq.am сайтынан алынды)

Про-ресейшіл позициядағы дін көсемі (архиепископ) Баграт Галстанян Юрий Хачатуровтың ұлының ұсталуына қатысты пікір білдіріп, Арменияның ІІМ басшысы Ваге Казарянды және ведомствоның басқа да басшыларын қорқыта сөйлеген. «Сіздер өз бастарыңызбен жауап бересіздер!», - деді архиепископ Галстанян ІІМ басшысы Казарянға қарата. «Қазіргі кездегі шиеленісті жағдайға Арменияның ІІМ басшысы жауапты», - деп сөйледі Галстанян.

Еревандағы СІМ ғимаратында полицейлер мен демонстранттар қақтығысып, Армения ІІМ қызметкерлері 40-қа жуық демонстранты тұтқындаған еді.

«Арменияда Баграт Галстанян бастаған наразылық білдірушілер министрлік қызметкерлерінің ғимараттан шығуына жол бермеу үшін Армения СІМ-нің барлық кіретін жерлерін жауып тастауға ниетті»,- деп жазады армян БАҚ-тары. Хабарламада айтылғандай, Галстанян қазір Армения полициясыынң бастығы Арам Ованнисянмен келіссөздер жүргізуде.

БАҚ: «Наразылықтар кезінде ҰҚШҰ экс-бас хатшысы Юрий Хачатуровтың ұлының ұсталуы – Армениядағы бұл наразылықтардың артында Мәскеудің ықпалды күштері тұрғанын дәлелдейді», - деп жазады.

1717168473435066.jpg

(Сурет: mediamax.am сайтынан алынды)

Юрий Хачатуров – 2017-2018 жылдары ҰҚШҰ (ОДКБ) бас хатшысы болған. Оның алдында Армения ҚК Бас штабын басқарған. Шыққан сойы гүржі болғанымен, ол Арменияның әскери шендісі саналады. Әскери шені – генерал-полковник.

Бұл Хачатуров Тблисиде әскери училишені тәмамдаған. 1987-1989 жылдары Ауғанда болған. Сол 1989 жылы Беларусьтің 7-ші танк армиясында бригада командирі болған. 1992 жылы Армения армиясына ауысқан.

Хачатуров түрменің де табалдырығын аттап көрген. 2018 жылы оған Арменияның конституциялық құрылымын өрескел бұзды деген айып тағылған. Қашан десеңіз, 2008 жылы Тер-Петросян бастаған оппозицияны күшпен басты. Кейін өз басына 10 мың доллар пұл төлеп, бостандыққа шыққан. 2018 жылы оны ҰҚШҰ бас хатшылығынан алу туралы ҰҚШҰ мемлекеттеріне Арменияның өз билігі арыз түсірген.

Бұл Хачатуровтың үш ұлы бар екені БАҚ-та жазылған. Ал бүгін оның қай ұлы тұтқындалғаны ашып айтылмайды.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар