Станислав Черчесов: Орыс тілді ортада жұмыс істегім келді

Қазақстан ұлттық құрамасының футболдан бас бапкері Станислав Черчесов құрамаға қалай келгені жайлы пікір білдірді. Ол өз ойын YouTube-тағы Vesti.kz сайтының арнасында айтқан.  


Казахстан - русскоязычная страна": Черчесов рассказал, почему решил  возглавить сборную

 

Бас бапкер құрамаға келуге қатысты келіссөздердің қыр-сырын айтып, оның кандидатурасы қалай бекітілгенін жеткізді.

 

«Күтпеген ұсыныс Магомедтің «Ахматты» жаттықтыруға қатысты күтпеген шешімінен кейін келді. Әділет Барменқұловтың жанындағы азаматтар маған хабарласып, мені осы ұсыныс қызықтыра ма, жоқ па деп сұрады. Яғни, Қазақстанның ұлттық құрамасын жаттықтыруды айтамын. Менің сұхбаттарымды оқығандар болса, менің шетелде жұмыс істегім келмейтін кезеңде жүргенімді біледі, яғни ағылшынша немесе немісше сөйлетін елде дегендей. Мен екі тілді де білемін. Мен орыс тілді ортада жұмыс істегім келді.

 

Қазақстаннан ұсыныс түсті. Мен "иа" деп жауап бердім. Өйткені мен Магомедті бұрыннан білемін, Қазақстан үшін жанкүйер болдым, өйткені онда менің жерлесім жұмыс істеді», - дейді ол.  

 

«Мен үшін ұлттық құрамада маған дейін жұмыс істеген штабтың сақталуы маңызды. Олардың ешқайда кетпегені маңызды. Олар жақсы жұмыс істеді және нәтиже көрсетті. Біз олардан тәжірибе жинаймыз, олар бізден дегендей. Менің барлық командамда солай болған еді. Мен өзімнің штабыммен келгенде, барлығы да жұмыста қалатын. Барлығымыз бірге өсіп, жетістікке жеттік», - дейді Черчесов.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар