Қырғызстан: Сот болғың келсе - қырғыз тілін үйрен!

Қырғызстан парламенті (Жоғорғы Кенеш) сот қызметіне мемлекеттік тілді жақсы білетін азаматтарды ғана тағайындау туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл туралы Парламенттің баспасөз қызметі мәлімдеді.   


Судьи раскритиковали инициативу Токторбаева лишить их надбавок к пенсиям

 

Заң жобасына қатысты депутат Шайырбек Ташиев пікір білдірді. Ол жаңа заң мемлекеттік тілдің дамуына ықпал етіп, сот процесстері барлық Қырғызстан азаматтарына түсінікті болуы үшін қабылданғанын айтуда.  

 

Заңда мемлекеттік тілді білуден бөлек, басқа да талаптар бар. Мысалы сот қызметіне тағайындалатын азаматтың ауыр қылмыс жасап, қылмысына сай жазасы әлі толық өтелмеген туысы болмауы тиіс. Бұл заң сот қызметіне баратын кандидаттарға қолданылады, ал бұрынғы соттарға еш қатысы жоқ.

 

Депутат Айсұлу Мамашова заң жобасын талқылау барысында, Жоғорғы Сот немесе Конституциялық сот қызметіне тағайындалу үшін кандидатурасын ұсынған азаматтардың қандай да бір сөгісі болмауы тиіс дегенді ұсынған. Оның ұсынысын өзге әріптестері бір ауыздан қолдаған.  

 

БАҚ өкілдері таратқан құжатта сот болатын азаматтар мемлекеттік тілді кемі B1 категориясында білу қажеттілігі айтылған. Мұндай талап әлем елдерінің басым бөлігінде бар.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар