Қазақстан үшін Орталық Азия елдерімен байланыс жасау аса маңызды. Қазақстан Орталық Азиядағы үш мемлекетпен тікелей шекараласып жатыр. Сонымен бірге Қазақстанды Орталық Азиядағы өзге елдермен қауіпсіздік, су мәселесі және миграция мен тарих біріктіреді.
Қазақстан мен Орталық Азия елдері арасындағы саяси байланыс арта түскен, алайда соңғы айларда сауда қатынасы азайған. Алғашқы кварталдағы Қазақстанның Орталық Азия елдерімен сауда айналымы барлық сауда айналымының 5,1 пайызын құрайды. Бұл өте аз көрсеткіш. Аталмыш мәліметті Экономикалық зерттеулер институты келтірді.
Сауда қатынасы Орталық Азия бойынша келесідей негізде бөлінді. Өзбекстанмен 895,5 млн доллар, Қырғызстанмен 337,7 млн доллар, Тәжікстанмен 264,8 млн доллар, Түркіменстанмен 105,3 млн доллар. Бұл 2024 жылдың 1 кварталындағы көрсеткіш.
Қазақстанның Орталық Азия елдерімен байланысы аталған көрсеткіште соңғы бес жылда үздіксіз өсумен болған. Алайда 2024 жылдың бірінші кварталында керісінше кері кету байқалады. Өзбекстанмен 16,2%-ға, Қырғызстанмен 7,5%-ға, Тәжікстанмен 13,7%-ға, Түркіменстанмен 5,2%-ға азайған. Осылайша Қазақстанның Орталық Азия елдеріне экспорты алғашқы кварталда 1,2 млрд долларды құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10,9%-ға аз. Астық, телефон аппараттарын жеткізу, алтын тасымалы азайған. Аталған өнімдер сауда қатынасындағы негізгі өнімдер жиынтығын қамтиды. Импорт көлемі де өткен жылмен салыстырғанда 20,5%-ға азайған.
Mezgil.kz