Балалар омбудсмені Динара Закиева балалардың құқығын қорғауға қатысты нақты шаралардың іске асырылып жатқанын айтты.
Динара Зәкиеваның баяндамасынан: «Қазір аталған заңнамалық нормаларды нақты жүзеге асыру үшін белсенді жұмыс жүргізілуде:
– атап айтқанда, «111» бірыңғай байланыс жүйесі іске қосылды. Сондай-ақ мектептерде буллингпен күресу үшін КiVa бағдарламасы және 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап қауіпсіздік сабақтары енгізіледі;
– балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері үшін арнайы оқу курсы басталады;
– қорғаншылық және қамқоршылық органдарын күшейту мәселесі пысықталып жатыр;
– «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорымен, сондай-ақ «Қазақстан халқына» және «Қамқорлық» қорларымен серіктестік негізде 6 аутизм орталығы, 11 өңірлік оңалту орталығы ашылды», - дейді.
Mezgil.kz