АҚШ-қа аттанам деп, Африкадан шықты...

Өзбекстанның Жизақ облысының тұрғыны жерлесінің ұлын АҚШ-қа жіберуге уәде етіп, кейін танысын Оңтүстік Африка Республикасына аттандырған. Бұл туралы Өзбекстанның ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.


Официальный Интернет–медиа–портал по противодействию терроризму и  экстремизму - Узбекистан упростит отправку трудовых мигрантов в Саудовскую  Аравию, ОАЭ и Польшу

 

А.Я. есімді тұрғын АҚШ-қа танысын аттандыру үшін 14,3 мың доллар алған. Танысы АҚШ-қа емес, Африкадан бір-ақ шыққанда, ол танысының әкесінен ұлын Африкадан АҚШ-қа жөнелту үшін қосымша 6,7 мың доллар қаржы сұраған. Әкесі бірден құқық қорғау органдарына хабарласып, арыз жазған. Қазіргі сәтте аталмыш оқиғаға қатысты қылмыстық іс ашылып, тергеу жүргізілуде.

 

Соңғы жылдары Өзбекстанда тұрғындарды Мексика арқылы АҚШ-қа заңсыз өткізу жолын ұсынатындар саны артты. Өздерінің заңсыз қызметі үшін олар 15 мың доллардан көп қаржы алады. Өткен айда Өзбекстан азаматтарын Түркия әуежайы арқылы АҚШ-қа аттандыратын қылмыстық топ ұсталды.  

 

2021-2023 жылдар аралығында Мексика шекарасынан АҚШ-қа өтпек болған Өзбекстанның 13624 азаматы ұсталды. Осылайша Өзбекстан азаматтары АҚШ шекарасын заңсыз бұзып өтетіндер арасында үшінші орынға жайғасты.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар