Белоусовтың Пентагонмен алғашқы әңгімесі: Шойгудың қатесін қайталай ма?

Ең әуелі бұрын қалай болған еді деген сауалдан бастайық. АҚШ Қорғаныс министрі Остиннің Мәскеуге қоңырау шалуы Белоусовтан бұрынғы Сергей Шойгумен болған соңғы әңгімесіне егіз қозыдай  ұқсас. Бұл жерде бізге бір нәрсені еске түсіруге тура келеді.

1719398610171270.jpg

(Коллаж: Mezgil.kz)

2023 жылғы 14 наурызда ресейлік Су-27 жұбы Қырым жағалауының оңтүстік-батыс бөлігіне барлау жүргізген американдық MQ-9 Reaper барлаушысын ұстап алды. Бірнеше рет ұшып келгенде, ресейлік ұшқыштар американдықтардың қозғалтқыштарын істен шығарып, Қара теңізге құлатты.

Келесі күні Пентагон басшысы Ллойд Остин Мәскеуге қоңырау шалып, қорғаныс министрі Сергей Шойгумен сөйлесті. Әскери ведомство басшылары оқыс оқиғаның «себептері мен салдарын» талқылағаны хабарланды. Ол әңгімеде кімнің кімге не айтқаны белгісіз, бірақ содан бері Ресей америкалық пилотсыз ұшақтарға шабуыл жасамайды.

Ресей қорғаныс министрі Андрей Белоусовтың жуырдағы: «Енді американдық барлау біздің нысандарымыздың жанында өзін еркін сезінбейді деп үміттенеміз», - деген сөзі Пентагонды ұйқыдан айырды.

Кеше кешке Ресей қорғаныс министрі Андрей Белоусов Пентагон басшысы Ллойд Остинмен орынтақты иеленгеннен бері алғаш рет әңгімелесті. Әңгіме туралы ресми баспасөз релизін Ресей тарапы түн ортасынан кейін ғана бекітті. Американдықтар ертерек жария етті.

Осы қоңырауға қатысты біз: «Жаңа министр өзінен бұрынғы министрдің қателігін қайталай ма?» деген сауал төңірегінде ойлап көрейік.

Американдықтар ведомство басшыларының әңгімесі туралы баспасөз хабарламасын Мәскеу уақыты бойынша он бір жарым шамасында шығарды. Министрлер Андрей Белоусов пен Ллойд Остиннің алғаш рет сөйлегені және Украинадағы қақтығыстың басты тақырып болғаны хабарланды. Бұдан басқа, Остин Белоусовты Ресей мен АҚШ әскери ведомстволары арасындағы коммуникацияны сақтау қажеттігіне сендірді.

Ллойд Остин: «АҚШ қазір де, болашақта да Украинаға АҚШ әскерін кіргізуді жоспарлап отырған жоқ», - десе, ресейлік сарапшылар: «Дегенмен, біз түсінгеніміздей, бір нюанс бар. Көбінесе американдықтарға Украинада болудың қажеті жоқ. Олар біздің аумақтағы нысаналарға шабуыл жасау үшін ұшу тапсырмалары бар ақпаратты Қара теңіз айдынындағы барлау жұмысынан кейін береді ғой. Ал барлау пилотсыз жүзеге асырылады», - дегенді алға тартады.

Яғни, мәселе жұртқа ұғынықты, әрі жұртқа еш түсініксіздеу көрінетін мәселелерде төбе көрсеткені анық. Соғыс аймағындағы соққылар жалғасуда. Түнгі «шайттаның оты» әдеттегідей Николаев, Одесса, Сумы және Харьков облыстарында басталды. Яғни, ешқандай жаңа келісімдер болған жоқ. Бірақ... АҚШ еш нәрсені аяқсыз қалдырмайтыны белгілі.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар