«Батыс үшін басты жеңіс – Путинді орнына қою!». Зеленский не дейді?

Жақында «The Philadelphia Inquirer» журналисі Труди Рубинге берген сұхбатында Украина президенті Владимир Зеленский Путинмен келіссөздердің жалғыз үлгісі жайында сөйлепті.

1719838061243561.jpeg

(Сурет: president.gov.ua)

Сонымен президент Зеленский бүйдеді:

«Украина керекті модельді таба алады. Шешімдер табуға болады. Мұндай модель Украина тікелей Ресеймен емес, «астық дәлізі» мысалындағыдай БҰҰ және Түркиямен келіскен секілді жолдар табуға болады. Ол кезде олар бізбен келіссөз жүргізу жауапкершілігін өз мойындарына алып, содан кейін Ресеймен тиісті келісімге қол қойғызды. Осылайша ол амал жұмыс істеді: БҰҰ мен Түркия арасында екі айналмалы келісімі бар», - дейді Зеленский.

Біз Владимир Зеленскийдің «The Philadelphia Inquirer-ге» берген сұхбатының тезистеріне зер салып, шолу жасадық.  

Зеленский АҚШ-тың экс-президенті Доналд Трамптың сөзін кекесінге ала отырып: «Мен соғысты тәулік ішінде қалай аяқтауға болатынын білмеймін, бірақ мен Трамп та емеспін.

Егер оның мұндай моделі болса, айтыңызшы, кім қарсы болады? Барлығы соғысты бір тәулікте, бір сағатта аяқтағысы келеді. Бірақ бізде бар нәрсе бар. Егер идея біздің аумақты беру болса, онда бұл жаңа идея емес. Оған біз келіспейміз!», - дейді.

Ал «Батыс пен Украина үшін жеңіс дегеніміз не?» деген сұраққа: «Батыс үшін басты жеңіс – Ресейге Украинаны басып алуға жол бермеу. Путинді орнына қою!

Екінші мәселе бар ол - барлығы Ресейдің ыдырауынан қорқады. Барлығы Ресейде Путинсіз не болады деп қорқады. Сол секілді олардың барлығы  ол бұрынғысынша қалуы мүмкін деп те қорқады», - деді Зеленский.

Ол осы орайда Украина мен Батыстың «жеңісті түсінуі әртүрлі» екенін атап өтті. «Біз бізді басып алуға жол бермегеніміз үшін ризамыз, бірақ сатисфакция қажет, әділдік қажет», - деді Украина президенті.

Украинадағы әскери жұмылдыру туралы: «Тактикалық іс-қимылдар мен майданға қанша адам керек – оны әскербасы шешеді. Бұл әрқашан әскери басшылықтың тұжырымдауын қажет едетін процесс», -  деп атап өтті. Зеленскийдің айтуынша, ол өз тарапынан Қарулы Күштерді қажетті қарумен, амунициямен және заманауи технологиялармен қамтамасыз ету бойынша жұмыс істеуде.

Майдан шебіндегі адами шығындар туралы сөз еткен президент Зеленский: «Бізде бүгінде алты ресейлікке шаққанда бір украиндық қаза болуда. Бізде статистика шамамен төрт есе болды, ал қазір Харьков бағытында, Покровка бағытында цифрлар 1-ден 6-ға дейінгі көрсеткішті құрады», - деп атап өтті президент.

Оның айтуынша, қазіргі заманғы соғыс – технологиялық соғыс. «Мен соңына дейін соғысамыз және бізге адамдар жетеді деп айтпаймын. Ресей де жүздеген мың адамды жұмылдырып жатыр. Жоқ, мен мынаны айтқым келеді: Иә, олар дұрыс, әскер жұмылдыру керек. Бірақ қазіргі заманның соғысы адамның көптігіне байланысты емес! Бұл технологиялық соғыс. Және кімде көп технология бола, соғысты сол жеңеді!», - деп атап өтті Зеленский.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар